Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасындағы сауда айналымы 31,6%-ға артты

16 Қазан, 2017 19:34
Қазақстан мен ЕАЭО елдері арасындағы сауда айналымы 31,6%-ға артты, деп хабарлады Статистика комитеті.

2017 жылғы қаңтар-тамыздағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 10856,3 млн. АҚШ долларын құрап, 2016 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 31,6%-ға артты, соның ішінде экспорт – 3297,1 млн. АҚШ доллары (36,5%-ға өсті), импорт – 7559,2 млн. АҚШ доллары (29,5%-ға өсті).

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымы жалпы көлемінде Ресей Федерациясына - 92,2%, Қырғызстан Республикасына - 4,3%, Беларусь Республикасына - 3,5% келеді.

 

 

 

Барлық жаңалықтар