Алматының жалпы өңірлік өнім көлемінің өсуі 4% құрады

16 Қазан, 2017 18:57
2017 жылғы 1-ші жартыжылдықта жалпы өңірлік өнім көлемі 4370,9 млрд. теңгені құрды.

ҰЭМ комитеті  хабарлағандай, 2016 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда нақты ЖӨӨ-нің өсуі 4% құрады. ЖӨӨ құрылымында тауар өндіру үлесі ЖӨӨ-нен 7,6% құрады, қызмет көрсету – 85,9%.

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 400535,6 млн. теңгені құрады, бұл 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 12,8%-ға артық.

2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 116547 бірлікті құрап, 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,9%-ға артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 114742 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 63194 құрады, оның ішінде 61708 бірлік – шағын кәсіпорындар.

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 1752,7 млрд. теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 4%-ға көбейді.
2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 6893,9 млрд. теңгені құрады немесе өткен жылғы тиісті кезең деңгейіне 101,6%.

 

Барлық жаңалықтар