- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында 2018 жылы 10 ауыл жаңғыртылады
Жамбыл облысында 2018 жылы 10 ауыл жаңғыртылады
Өткен аптада К.Көкірекбаев Мойынқұм ауданында іс-сапармен болғандығы белгілі. Іс-сапар барысында облыс басшысы аудандағы Елбасымыздың «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асып жатқан іс-шаралармен танысты
« «Рухани жаңғыру» түптің түбінде барлық саланың, тұтас еліміздің жаңғыруына алып келеді. Міне, Елбасы ойларының тереңдігі де, көрегендігі де осында», - деді аймақ басшысы.
Іс-сапар аясында облыс басшысы келесі жылдан бастап Жамбыл облысының 10 ауылы «Туған жер» бағдарламасы бойынша көркейтілетіндігін айтты. Оның айтуынша, әр ауданнан бір ауыл таңдалынып, сол ауылдардан шыққан кәсіпкерлер, қалталы азаматтар, сонымен қатар, инвесторлар бірігіп туған жерлерін көркейтуге атсалыспақ. Бұл жобаны жүзеге асыруға бюджеттен бір тиын жұмсалмайтындығы да белгілі болды.
Жобаның мақсаты - облыстағы ауылдарды қазіргі заманға сай дамыту.
«Келесі жылы біз 10 ауылды көркейтуді көздеп отырмыз, 2019 жылы 20 ауылды қамтуымыз керек. Менің ойымша, облыстан шыққан кәсіпкер азаматтар өзінің туған жерінің дамуына атсалысуы перзенттік парызы. Ал егер біз осы жобаны республикаға ұсынып, еліміздің басқа аймақтарынан қолдау тапсақ, келесі жылы Қазақстан бойынша 160 ауылды, 2019 жылы 320 ауылды инвесторлар мен кәсіпкерлер арқылы кешенді түрде жаңғыртытуға мүмкіндік алар едік», - деді К.Көкрекбаев.
Бұл жоба бойынша бағдарламаға енген ауылдарға жаңа көшелер, саябақтар, спорт алаңдары салынып, әлеуметтік нысандарды күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. Сонымен бірге, ауыл көшелерін жарықтандыру, сәулеттік көркін жақсарту және тағы басқа кешенді жұмыстар атқару көзделуде.
Жамбыл облысында аталған жобаны жүзеге асыру басталып кеткендігі де белгілі болды. Қазіргі уақытта жобаға Мойынқұм ауданынан Кұмөзек ауылы, Талас ауданынан Ақкөл ауылы еніп отыр екен. Қалған 8 ауыл жақын арада анықталмақ.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары