Қазақстанда қандай жобалар іске асырылуда

16 Қазан, 2017 17:36
Қазақстанда Елбасы өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында айтатын жобалар жыл сайын іске асырылуда. ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «Strategy2050.kz» АА ақпараттық сұратуына берген жауабында Қазақстандағы осындай жобалар мен жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

ҚР ИДМ хабарлағандай, қазіргі уақытта Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтарында инфрақұрылымды қалыптастыру және оларды индустриялық жобалармен толтыру бойынша жұмыс жүргізілуде.  

Жобалардың бірі - 2002 жылдан басталып, 2027 жылға дейінгі «Астана – жаңа қала» жобасы. «Астана - жаңа қала» АЭА аумағының құрамына  №1 индустриялық саябақ, №2 индустриялық саябақ және қалалық жеңіл рельсті желі кіреді. 

«Астана – жаңа қала» АЭА жұмыс істеген кезеңі ішінде салынған инвестициялар көлемі 132 млрд теңгені құрады. Салық түсімдерінің жалпы көлемі 46 млрд теңге. Бардығы 663 млрд теңге сомасына өнім шығарылды. 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. Толық жобалық қуаттылыққа шығу кезінде 1400-ден астам жұмыс орнын ашу жоспарлануда.  

Келесі жоба - «Бурабай» АЭА (2008-2017 жж.).  «Бурабай» АЭА инфрақұрылымының құрылысы толық аяқталды. 

ҚР ИДМ атап өткендей, "Бурабай" АЭА жұмыс істеу кезеңінде тартылған инвестициялар көлемі 15 млрд теңгені құраған. 

Одан әрі «Ақтау теңіз порты» АЭА (2003-2028 жж.). "Ақтау теңіз порты" АЭА инфрақұрылымы 6 қосалқы аймақтан тұрады. 

Қазіргі уақытта «Ақтау теңіз порты" АЭА аумағында 13 жоба пайдалануға енгізілген. 2017-2021 жылдары жалпы құны 399 млрд теңге болатын 16 жобаны іске асыру жоспарлануда. 

«Ақтау теңіз порты" АЭА жұмыс істеу кезеңінде салынған инвестициялар көлемі 79,8 млрд теңгені құрады. Салық түсімдерінің көлемі 20 млрд теңге. Осы ретте өндірілген өнім көлемі 235 млрд теңгені құрады. 928 жұмыс орны ашылды, ал 2020 жылға дейін тағы 4857 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

«Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА құрылысы  2007 жылы басталып, аяқталуы 2032 жылға жоспарланған. Қазір АЭА инфрақұрылымының дайындығы  23% құрайды. Сондай-ақ инфрақұрылым объектілерінен  Заводская теміржол станциясы, кіреберіс теміржол, Қарабатан теміржол станциясын кеңейту, кіреберіс автомобиль жолы және электр тарату желісі салынған. инфрақұрылым объектілерінің құрылысын аяқтау 2022 жылы жоспарлануда. 

 

Тағы бір жоба  «Оңтүстік» АЭА (2005-2030 жж.) болып табылады.  «Оңтүстік» АЭА инфрақұрылымының құрылысы аяқталған. ОҚО әкімдігінің ақпараты бойынша  «Оңтүстік» АЭА аумағында жалпы құны 27,8 млрд теңгені құрайтын 10 жоба пайдалануға енгізілген. 

 «Павлодар» АЭА (2011-2036 жж.). Қазіргі уақытта «Павлодар» АЭА инфрақұрылымының дайындығы 15 % құрайды. Жоба ТЭН-ін түзету қорытындылары бойынша «Павлодар» АЭА құрылысының құны 29,2 млрд теңгеден 21 млрд теңгеге дейін оңтайландырылған. 

 «Павлодар» АЭА аумағында 26 қатысушы тіркелген. қазіргі уақытта 5 жоба пайдалануға енгізілген, 5 жоба іске асырылу кезеңінде. Инвестициялардың жалпы құны 44 млрд теңгені құрады. Өндірілген өнім көлемі 21 млрд теңге.  1000 тұрақты жұмыс орны ашылды. 

«Инновациялық технологиялар паркі» АЭА (2003 -2028 жж.) АЭА бірінші кезегінің инфрақұрылымы 100 % аяқталған.

Қазіргі уақытта екінші кезегінің құрылысы бойынша жұмыстар жүргізілуде. Екінші кезек инфрақұрылымының жалпы құны 14,2 млрд теңге. 

Алматы қаласы әкімдігінің ақпараты бойынша, "ИТП" АЭА-да 79 жоба пайдалануға енгізілген. 18 жоба іске асырылу кезеңінде. АЭА-ның жұмыс істеу кезеңінде салынған инвестициялар көлемі  22 млрд теңгені құрады. Салық түсімдерінің жалпы көлемі 15 млрд теңге. Өндірілген өнім көлемі 95 млрд теңгені құрады. Ашылған жұмыс орындарының саны 3421 бірлік.

«Сарыарқа» АЭА (2011-2036 жж.). «Сарыарқа» АЭА инфрақұрылымы құрылысының екі кезеңі аяқталды. Қазіргі уақытта 3-кезеңнің құрылысы жүргізілуде, оны 2017 жылы аяқтау жоспарлануда. 

«Сарыарқа» АЭА аумағында 4 жоба пайдалануға енгізілген. 4 жоба іске асырылу кезеңінде. 

АЭА-ның жұмыс істеген кезеңінде салынған инвестициялар көлемі 19,2 млрд теңгені құрады. Өндірілген өнім көлемі 23 млрд теңгені құрады.  574 жұмыс орны ашылды, 2018 жылға дейін 1497 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

«Қорғас - Шығыс қақпасы» АЭА (2011-2035 жж.). "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ ақпараты бойынша "Қорғас - шығыс қақпасы" АЭА инфрақұрылымы 100 % аяқталған. 

"Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА көлік аймағының негізгі элементі Құрғақ порт болып табылады. Оның операторы  «KTZ Express» АҚ еншілес компаниясы  «KTZE-Khorgos Gateway» ЖШС. 2015 жылдан бастап Құрғақ порт коммерциялық пайдалану режимінде. 

Бүгінде "Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА-да 71 қатысушы тіркелген. Инвестициялардың жалпы сомасы 30,7 млрд теңге. Салық аударымдарының көлемі 0,14 млрд теңге. Өндірістік өнім көлемі 0,45 млрд теңгені құрады.  195 жұмыс орны ашылды. 9 жобаны іске асыру жоспарлануда.

«Тараз химиялық паркі» АЭА (2012-2037 жж.). "Тараз химиялық паркі" АЭА инфрақұрылымының дайындығы  75 % құрайды. "Тараз химиялық паркі" АЭА инфрақұрылымының құны 34,2 млрд теңге. Оның ішінде "Біріккен химиялық компания" ЖШС жарғылық капиталын капиталдандыруға  25,2 млрд. теңге бөлінген.

Инфрақұрылым құрылысының бірінші кезегін  2017 жылғы екінші жартыжылдықта аяқтау жоспарлануда. Екінші кезегін 2018 жылғы 4-тоқсанда аяқтау жоспарлануда. 

Бүгінгі таңда "Тараз химиялық паркі" АЭА аумағында 5 қатысушы тіркелген. Тартылған инвестициялар көлемі  5,5 млрд теңгеден астам, салық аударымдарының көлемі – 0,53 млрд теңге. 147 тұрақты жұмыс орны ашылған.

15 жаңа өндірісті іске асыру жоспарлануда. 

 

Қайрат Жандыбаев

Фото ашық дереккөздерден

Барлық жаңалықтар