- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда «100 жаңа есім» жобасы бойынша онлайн дауыс беру басталды
Қазақстанда «100 жаңа есім» жобасы бойынша онлайн дауыс беру басталды
BNews.kz хабарлағандай, әрбір қолданушы үш үміткерге дауыс бере алады.
«7 маусым мен 15-қыркүйек аралығында өтінімдер елдің түкпір-түкпірінен келіп түсті. Қорытындысында, el.kz порталында 2112 үміткердің тарихы жарияланды. Жұмыс және сарапшылық топ олардың арасынан 302 адамды iрiктеп алды. Дауыс беруге ұсынылған 302 үмiткер пайдаланушыларға қолайлы болу үшiн қызметiне қарай 6 салаға бөлiнген. Онлайн дауыс беру 10 қараша күнi аяқталады. Арасында дауыс беру нәтижелерi жайлы хабарлап отырамыз», - деді Әлжан Әжібаев.
Өз кезегінде «Қазконтент» АҚ Басқарма Төрағасы Евгений Кочетов онлайн дауыс берудің тәртіптері туралы айтып өтті.
«Біріншіден, біз міндетті тіркелуді енгіздік. Бұл жалған дауысқа жол бермес үшiн электрондық пошта немесе әлеуметтiк желiдегi аккаунт арқылы тiркелу жүйесi қарастырылған. Пайдаланушы барлығы үш қатысушыға дауыс бере алады, бiр үмiткерге тек бiр дауыс қабылданады. Қайта дауыс беру мүмкiн болмайды. Дауыс саны қатысушы суретiнiң жанында көрiнiп тұрады», - деді «Қазконтент» АҚ Басқарма Төрағасы Евгений Кочетов.
Дауыс беруге ұсынылған 302 үмiткер пайдаланушыларға қолайлы болу үшiн қызметiне қарай 6 салаға бөлiнген. Атап өтсек, мәдениет және өнер – 32 адам, қоғам – 83 адам, бизнес – 51 адам, медицина – 46 адам, ғылым – 47 адам, спорт – 43 адам», - дедi Евгений Кочетов.
Дауыс беру барынша жеңiлдетiлген, таңдаған қатысушыны қолдау үшiн перненi бiр рет басу жеткiлiктi. Дауыс берудiң мобильдi нұсқасы да бар. Қатысушылардың фотосуретiн басқанда ол туралы барлық ақпарат көрiнедi.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді