- Басты
- Жаңалықтар
- Түркістан қаласын газбен қамту жоспарға сай жүргізіледі
Түркістан қаласын газбен қамту жоспарға сай жүргізіледі
««Бейнеу-Бозай-Шымкент» магистральді газ құбырының 1258 шақырымында автоматтандырылған газ тарату стансасы мен Түркістан қаласына 22 шақырымнан астам жоғарғы қысымды газ құбыры және екі газ реттеуші бекеттің құрылыстары жүргізіліп, телекөпір арқылы 20 желтоқсанда қалаға дейінгі магистральді жүйе тапсырылды», - делінген хабарламада.
Аталған жобаларда тұтынушыларға дейін газ тарату қаралмаған. Алайда, «ҚазТрансГаз» АҚ-ы өз демеушілігі негізінде бес жеке тұрғын үйге ішкі тарату жүйесін жүргізген. Алдағы уақытта бұл тұрғындар табиғи газды тұтыну үшін «ҚазТрансГаз» АҚ-мен келісімшартқа отырып, көгілдір отынды пайдалана алады.
Биыл Түркістан қаласының ішкі газ тарату жүйелерінің құрылысы басталады. Аталған жобаның жалпы құны орташа есеппен 10 млрд. теңгені құрайды.
Оның бірінші кезеңінің құрылысын жүргізу үшін 2013 жылы жергілікті бюджет есебінен қаржы бөлініп, жобалау сметалық құжаттары дайындалды. Құрылыс жұмыстарының құны 1 млрд. 200 млн. теңгені құрайды. Бұл қаржыға бірінші кезең бойынша қаладағы «Сауран» және «Бекзат» шағынаудандары газбен қамтылады.
Алғашқы құрылыс жұмыстарының ішінде 7212 абонент (4076 үй, 3136 пәтер), 5 мектеп, 4 балабақша, 4 денсаулық сақтау мекемесі, 2 колледж, 5 мейрамхана, 6 өндіріс орны, орталық жылу қазандығы табиғи газбен қамтылатын болады. Сонымен қатар, қала мен оның аймақтарына газ жүйесін тарту жоспарға сай жүзеге асады.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады