Теміртаудағы көрмеде 270 экспонат таныстырылды

16 Қазан, 2017 14:51
Теміртау қаласының тарихи-өлкетану мұражайында «Сарыарқа – дала өркениетінің бесігі» атты көрме ашылды.Онда бірегей экспонаттар қойылды. Жәдіреглер қатарында Қарағанды облысының аумағында жүргізілген қазба жұмыстары барысында табылған көне артефактілер де бар, деп хабарлады Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасы.

Экспозиция шамамен 270 экспонаттардан құралған. Олардың ішінде ең құндысы – ерте темір дәуіріндегі жауынгердің толық әбзелдері бар қалпына келтірілген сақ сарбазының мерекелік киімі.

Қорымды қазу арысында археологтар көшбасшы киімінің алтыннан жасалған екі жүзден астам бөлшектерін тапқан. 
Жәдігерлер арасында сонымен қатар көне адамдардың қарулары мен ңбек құралдары, тұрмыстық заттары және зергерлік бұйымдары бар.

Мұражайда осыдан мың жыл бұрын пайдаланылған метуллургиялық пештің макеті келтірілген. Жеке бір бөлім ХІХ-шы ғасырдың соңы мен ХХ-ғасырдың басында біздің облысымыздың аумағында, Қарқаралы маңында өткізілген Қоянды жәрмеңкесіне арналды. Мұнда саудагерлер мен көпестердің сатылымға алып келген тауарларын көруге болады. Келушілердің назарына сонымен қатар тарихи құжаттар мен суреттер де ұсынылды. 

Көрмеге келушілер ата-бабаларымыз қалай өмір сүргенін, ежелгі түріктерге қалай қосылғанын, өз өлкеміздің мұрасымен таныса алады. Экспозиция Қарағанды облысының ежелден қазіргі заманға дейінгі дамуы мен болмысын сипаттайды. 
 

 

 

Барлық жаңалықтар