Каспий теңізінің жағалауында бір тоннадан астам қоқыс тазартылды

16 Қазан, 2017 15:12
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Көгілдір айлақ" орнында Каспий теңізінің жағалауын тазалау бойынша сенбілік өткізілді, деп хабарлады Маңғыстау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында "Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы" жобасы іске асырылып жатқаны белгілі, оның аясында экологияны жақсарту және елді мекендерді абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Маңғыстаулықтар да осы жобаны іске асыруға белсенді қатысты. 

«Сенбілік Каспий теңізінің жағалауында тиісті тазалық жұмыстарын жүргізу мақсатында өткізілді. "Көгілдір айлақ" орнында экологиялық десант 4 ай бұрын болған. Демалыс күндері бұл жерлерге жүздеген адамдар келеді, нәтижесінде, көптеген қоқыстар қалады», - деп атап өтті акцияға қатысушылар. 

Жағалау аумағы пластик, шыны және басқа қоқыстардан тазартылды. барлығы 200 қаптан астам қоқыс жиналды.  

«Біз осы акцияны бірауыздан қолдап, бұл жерді ректе келтіру жұмыстарын жүргізуді шештік. Қоршаған ортаны қорғау проблемаларына жауапкершілікпен қарау қажет», - деді Маңғыстау облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің директоры Айсұлу Дутбаева.   

Экологиялық сенбілік барысында бір тоннадан астам әр түрлі қоқыс жиналды. 

Барлық жаңалықтар