«Цифрлық Қазақстан»: Қазақстанның ЖІӨ-сі 5-6 %-ға дейін өседі(ВИДЕО)

13 Қазан, 2017 17:00

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы Қазақстанның ЖІӨ 5-6 %-ға дейін артады деп күтілуде, деп хабарлады «Зерде»ҰАХ»АҚ бағдарламалар жетекшісі Айжан Абдрахманов Дүниежүзілік стандарттау күніне арналған дөңгелек үстел барысында.

 

 

«Қазақстан әлем қаумыдастығының ажырамас бөлшегі болғандықтан және де соңғы тенденцияны елемей жүре алмаймыз, сондықтан «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жасақталды. Нақтырақ айтатын болсақ, бұл өндірістік революция. Яғни, бүгінде заманауи цифрлық технологияны өндіріс барысында пайдалану үлкен басымдықтарға жол береді. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру еліміздің бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасайды. Цифрландыру және оңтайландыру да экономикалық өсімнің жаңа резервтері бар. Цифрландыру арқылы біз жаңа цифрлық қоғамның біліктілігін арттырамыз, мемлекет  интерактивті және аса белсендірек  бола түседі. Сонымен қатар, мемогандарының қызметтері оңтайландырылып, тиімділігі арттырылады. Бұл өзгерістер бизнесті де кері айналып өтпейді. Барлық процесстер, жұмыстар бұрынғыға қарағанда қолжетімді, белсенді болады. Жалпы, бұл «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасында көрсетілген негізгі бағыттар», - деді сөз басында Айжан Абдрахманов.

Спикердің айтуынша, бағдарламаның нәтижесінде жаңа жұмыс орындар ашылады.

«Елімізде бағдарламаның нәтижесінде жаңа жұмыс орындар ашылады, аса белсенді мемлекетке көшеміз. Бүгіннің өзінде біз көптеген мемқызметтерді онлайн режимде ала аламыз, демек  оның түрлдері артады. Ал, экономика саларындағы цифлық түрлендіру өндіріс көлемін арттыруды көздейді. Бұдан басқа, «Цифрлық Жібек Жолын» жүзеге асыруды  мақсат етіп отыр. Бұл дегеніңіз аса жоғары жылдамдықтағы интернет. Жалпы, интернетсіз осындай ауқымды жобаны да жүзеге асыру қазіргі таңда мүмкін емес», - деп толықтырды ол.

Жалпы бұл бағдарлама өте амбициялы. Оны жүзеге асыру мерзімі өте қысқа, жан-жақты болып табылады.  

«Бұл бағдарламаның төрт бағыты және он бір бастамасы бар. Төрт бағыт бойныша бастамаларды тарқатып айтатын болсақ, олардың аясында 135 шара өткізіледі. Нәтижесінде, ЖІӨ 5-6 %-ға дейін өседі деп күтілуде»,- деп түйіндеді А.Абдрахманов.

Естеріңізге сала кетейік, «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаев Дүниежүзілік стандарттау күніне арналған дөңгелек үстел барысында Астана Innovations 150-ден астам ұлттық стандарттар жобасын қарастырып шыққанын хабарлады.

 

Мөлдір Асқарқызы

Видео: Азамат Әлиев 

Барлық жаңалықтар