• Басты
  • Жаңалықтар
  • Астанада өткен жәрмеңке нәтижесінде 523 адам адам әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды

Астанада өткен жәрмеңке нәтижесінде 523 адам адам әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды

16 Қазан, 2017 08:47
Астана қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен рухы мықты азаматтарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігі.

Жәрмеңкеге 523 жұмыс іздеуші қатысып, олардың 166-сы екі қолға күрек тапты.

«Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы жұмысының негізгі бағыттарының бірі - мүмкіндігі шектеулі азаматтарды мемлекет тарапынан қолдау, оларды жұмысқа орналастыру, қоғамдық өмірге тарту болып табылады», – делінген хабарламада.

Жұмыспен қамту орталығы кіші ғылыми қызметкер, зертханашы, экспедитор-зертханашы, күзетші, өнер және мәдениет маманы сияқты 250-ге тарта жұмыс орнын ұсынды.

ҚР-ның «Халықты жұмыспен қамту» заңына және Астана қаласы әкімдігінің «Астана қаласындағы жұмыс орындарының квотасын орнату» туралы қаулысына сәйкес, елорданың жұмыс берушілері үшін халықтың жеке санаттарына, соның ішінде мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квотасы бекітілген болатын. Олар үшін ұсыныдатын жұмыс орындарының үлесі 2-4% құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, бос орындар жәрмеңкесіне Ұлттық биотехнология орталығы, Ұлттық музей, қалалық № 1 емхана, Элара – Астана ЖШС, Каздорпроект ЖШС, Апрель 2030 ЖШС сияөты 40-қа жуық жұмыс беруші шақырылды.

 

Барлық жаңалықтар