- Басты
- Жаңалықтар
- «Экспо-2017»-нің энергетика саласындағы жүзден астам инновациясын Қазақстанда енгізу жоспарланған
«Экспо-2017»-нің энергетика саласындағы жүзден астам инновациясын Қазақстанда енгізу жоспарланған
ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында А. Соспанова энергетика министрлігі «Экспо-2017» аясында мұнай-газ секторы, электр энергетикасы, көмір өнеркәсібі, атом энергетикасы, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері бағыттары бойынша технологиялар мониторингін жүргізгенін мәлімдеді.
«Барлығы 105 жоба таңдалып алынды, және бүгінгі таңда 170-ке жуық компания іріктеліп алынған технологияларды бағалауда. Әкімдіктер «ақылды қала» қағидаларын қолдануға мүмкіндік беретін технологияларға, қала инфрақұрылымын жақсартуға қажетті ақпараттық-коммуникациялық технологияларға, энергия тиімділігі, энергия үнемдеу және ресурс пайдалану саласындағы әзірлемелерге қызығушылық танытуда», — деді А. Соспанова.
Сондай-ақ, ол келісімге сәйкес отандық компаниялар мен әкімдіктер қазан айының соңына дейін өздері ынта танытқан технологияларды енгізу бойынша тиісті Жол карталары мен нақты тізімді ұсынуы тиіс екенін айтты.
Сұранысқа ең көп ие болған жоба ретінде электр энергетикасы жүйесін жақсартуға бағытталған немістің Smart Grid технологиясы аталып өтті.
«Қазақстанда бізде тармақталған электр энергетикасы желісі болғандықтан, бұл жоғарғы өзектілікке ие. Smart Grid процестерді зияткерлік басқаруға, энергия жоғалту көлемін төмендетіп, оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», — деді А. Соспанова.
Оның айтуынша, қазақстандық компаниялар арасында су қоймаларын тазалап, қоқысты қайта өңдейтін фин жүйесі де танымалдыққа ие.
«Технологияларды таңдау кезінде біз ЖОО-ларға енгізуге әрі ғылыми-техникалық жұмыстарда пайдалануға қажетті академиялық қасиеттерін қарастырмадық. Бізге кәсіпорындар мен қала шаруашылығында енгізуге болатын әзірлемелер қызығушылық тудырды», — деді Айнұр Соспанова.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды