Македония құқықтық салада ынтымақтастық жасауға дайын - ҚР СІМ

13 Қазан, 2017 18:57
Қазақстанның Македония Республикасындағы елшісі Нұрбах Рүстемов Македонияның Премьер-Министрі Зоран Заевпен кездесті.

ҚР СІМ хабарлағандай, тараптар екіжақты қарым-қатынасты дамытуға, өзара тауар айналым көлемдерін ұлғайтуға және шарттық-құқықтық базаны кеңейтуге өзара қызығушылық танытты.  

Кездесуде экономикалық ынтымақтастық бойынша екіжақты үкіметаралық комиссия құру қажеттігі атап өтілді. 

Сондай-ақ Зоран Заев 2018 жылы Астана экономикалық форумына қатысуға қызығушылық білдірді. 

Премьер-министр құқықтық салада ынтымақтастық жасауға дайын екенін растады. Атап айтқанда, үкімет басшысы македониялық тараптың Қазақстан азаматтары үшін визасыз режимді енгізу практикасын жалғастыратынын атап өтті. 

Елші Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтары мен халықаралық бастамалары, елдің даму бағдарламалары, шетелдік инвесторларға арналған инвестициялық жеңілдіктер, ЭКСПО-2017 көрмесінің қорытындылары туралы ақпараттандырды. 

Македониялық тарап Қазақстанмен екіжақты қарым-қатынастардың барлық спектрі бойынша ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық білдірді.

Барлық жаңалықтар