- Басты
- Жаңалықтар
- Астана Innovations 150-ден астам ұлттық стандарттар жобасын қарастырды (ВИДЕО)
Астана Innovations 150-ден астам ұлттық стандарттар жобасын қарастырды (ВИДЕО)
«Астана Innovations «Смарт сити» саласында ұлттық стандарттарды енгізу, талдау, жасақтау жұмыстарына белсенді атсалысып келеді. 2017 жылы компания шамамен 150-ден астам ұлттық стандарттар жобасын қарастырды. Олардың басым бөлігі ақпараттық-коммуникциялық технологиялар, смарт сити технологиясын енгізу, сонымен қатар ақылды басқару салаларын реттеуге бағытталған», - деді «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы Олжас Сартаев.
Бұдан басқа, спикердің келтірген мәліметтері бойынша, Техникалық реттеу және метрология комитеті, «Қоғамды тұрақты дамыту» ISO 268 стандарттау бойынша халықаралық ұйымның стандарттау бойынша техникалық комитеті және Астана қаласы әкімдігінің арасындағы меморандум аясында «Астана Innovations» АҚ «Қауымдастықтың тұрақты дамуы» ISO 37101 қалалар стандарты халықаралық клубының ашылуына және бірінші отырысына қатысты.
Айта кетерлік жайт, шараны Ханчжоу қаласының сапаны бақылау және техникалық қадағалау департаменті ISO халықаралық ұйымымен және AFNOR франциялық стандарттау бойынша қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырған.
«Аталмыш клуб тұрақты қалаларды жасақтау бойынша тәжірибе алмасу алаңы болып табылады. Ханчжоу қаласы ИСО 37101 стандартын пайдаланатын алғашқы қала. Жалпы, бұл стандарттар, оның ішінде ISO 37100, 37102 қаланы жоспарлау барысында да белсенді қолданылады. Бүгінде Қытайдың 7 қаласында 37101 пайдаланылып отыр», - деп атап өтті Олжас Сартаев.
Жалпы, бұл ынтымақтастық 2017 жылдың 1 тамызында Астана қаласы әкімі бекітген «Смарт Астана» тұжарымдамасын жүзеге асыруға септігін тигізеді деп күтілуде.
Бүгінде, спикердің айтуынша, елордада «Смарт-Астана» мобильд қосымшасы мен веб порталы жұмыс істейді. Бұл жоба 7 маусымда жаңартылып, қайта іске қосылған оның аясында 12 санат бойынша 30-дан астам сервис жұмыс істейді. Бұл қосымша осы күнге дейін мобильді құрылғыларға 113 мыңнан астам жүктелген.
Бұдан басқа, е-ПИК жобасы іске қосылған. Бұл жоба ПИК жұмысын ешқандай жиналыстарға қатыспай-ақ бақылауға және оның жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінде елордадағы 436 ПИК-тің 255 осы жобаға қатысып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Ғалымжан Дұғалов Дүниежүзілік стандарттау күніне арналған дөңгелек үстел барысында Мемлекеттік стандарттау жоспарына сәйкес 2018 жылы үш стандарт қабылдау жоспарланғанын хабарлады.
Мөлдір Асқарқызы
Видео: Азамат Әлиев
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды