• Басты
  • Жаңалықтар
  • 30-дыққа кіру – барлық қазақстандықтардың әлемдік дәрежеде өмір сүру деңгейлерінің жақсаруы

30-дыққа кіру – барлық қазақстандықтардың әлемдік дәрежеде өмір сүру деңгейлерінің жақсаруы

10 Қаңтар, 2014 19:27
Тек қарқынды экономикалық өсім ғана Қазақстанның әлемдік талаптарға сай дамыған елдердің деңгейіне жетуге мүмкіндік берді. Азаматтардың өмір сүру деңгейінің өсуі қазақстандықтардың әлеуметтік талаптарын да арттыра түсті. Осыған орай экономика дамуы елдегі тұрмыс деңгейінің басты көрсеткіші болып қала береді.

Қазіргі таңда Қазақстанды әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолындағы талпынысын ең алдымен экономиканың қарқынды дамуынан көре аламыз. Осыған орай жетістікке жетуге жағдай жасайтын басым бағыттарды анықтап, олардың құрылымын нақты орнатып, әлемдік экономикадағы күтпеген өзгерістер мен қауіп-қатерлер кезінде дереу қарсы тұра алатын жағдайға жету керек.

Айта кету керек, 30-дыққа ену жолындағы біздің атқаратын жұмыстарымыз әр қазақстандықты есепке ала отырып жалпы елдің әлеуетін арттыруға арналған. Олар төмендегі төрт блокқа топтастырылған: экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени.

30-дыққа ену жолындағы біздің даму көрсеткішіміздің талаптары:

- Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі (экономикалық блок)

- Жоғары өмір сүру деңгейі. Талабы – азаматтардың жағдайларының жасалуы. Өмір сүру деңгейінің басты көрсеткіші халықтың ЖІӨ көлемі болып табылады.

- Әлемдік экономиканың орташа өсімі жағдайында Қазақстанда халықтың ЖІӨ 12-60 мың долларға дейін өседі.

- Халықтың басым бөлігі орташа табыс көрсеткішіне ие болып, 2050 жылға қарай орта тапқа жататын болады

Барлық жаңалықтар