- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында «Серпін» жобасына қатысушы студенттердің саны артуда
Павлодар облысында «Серпін» жобасына қатысушы студенттердің саны артуда
Колледждерде білім алу үшін қолайлы жағдай жасалған, мысалы: заманауи оқу аудиториялары мен ғылыми зертханалар, кітапханалар, спорт залдары және т.б.
Өңірімізде «Серпін» жобасы бойынша білім алатын студенттер саны жыл санап артып келеді (2014 ж. – 50 адам, 2015 ж. – 175 адам, 2016 ж. – 185 адам, 2017 ж. – 200 адам).
2017 жылы студенттердің алғашқы легі – 67 адам оқуын тәмамдады (Павлодар технологиялық колледжі – 47 адам, бизнес колледжі – 20 адам).
Осы түлектерді аймақта бекіту мақсатында колледждердің әкімшіліктері жыл бойы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік, жастар бастамасын қолдау басқармалары өкілдерінің қатысуымен сұхбаттар, әлеуметтік серіктестерді тартумен дөңгелек үстел отырыстарын, бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерін өткізіп тұрды.
2017 жылғы 5 – 10 қазан күндері білім беру басқармасының бастамасымен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көші-қон бөлімінің басшысы Меруерт Есембаевамен еліміздің жұмыс күші мол аймақтардан азаматтарды көшіру жөніндегі кейбір мәселелер бойынша кездесулер өткізілді.
Студенттермен кездесу диалог алаңы форматында өтті. М. Есембаева 2017-2021 жылдарға арналған «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту, еңбек ресурстарының мобильдігін арттыру» бағдарламасының үшінші бағытын іске асыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесулерге облыстың 6 колледжінің 315 студенті қатысты. Оның ішінде Павлодар технологиялық колледжінің, бизнес колледждің, химия-механикалық колледжінің, Красноармейка аграрлық-техникалық колледжінің және Жаяу Мұса атындағы Ақсу колледжінің студенттері бар.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
ДСМ: Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып, жағдай тұрақталып келеді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Елордада КВИ жұқтырғандар саны 2,4 есе артқан -
Эпиджағдай: КВИ жұқтырғандар саны 1,4 есе артқан -
COVID-19: Әлемде жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны артты