- Басты
- Жаңалықтар
- "Даму" қоры энергия үнемдеу саласындағы бизнес-жобаларды қаржыландыруды бастайды (ВИДЕО)
"Даму" қоры энергия үнемдеу саласындағы бизнес-жобаларды қаржыландыруды бастайды (ВИДЕО)
Абай Сарқұлов ағымдағы жылғы 28 тамызда "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры БҰҰДБ-ЖЭҚ қаржылай қолдауымен энергия үнемдеу саласындағы кәсіпкерлерді қолдау бойынша ынтымақтастық жасау туралы келісімге қол қойғанын айтып өтті.
«Даму» қоры шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау құралдарын кеңейтеді, осылайша, біз бизнестің дамуына ықпал етіп қана қоймай, қоғам мен қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігін қалыптастыруға үлес қосуға тырысамыз. Осы жобаның негізгі мақсаты - энергия үнемдеу саласындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржылай қолдау және қалалық инфрақұрылымның энергия тиімділігін арттыру», - деп атап өтті «Даму» қорының басшысы.
А. Сарқұловтың айтуынша, қаржылай қолдау шараларын ұсыну шарттарын әзірлеу кезінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың жалпыға белгілі "Бизнестің жол картасы - 2020" қолданыстағы механизмі негізге алынды.
«Осылайша, осы бағдарлама бойынша кәсіпкерлер қалалық шаруашылық саласындағы энергия үнемдеуге бағытталған бизнес-жобаларға субсидиялар түрінде қосымша қолдау ала алады, бұл пайыздық мөлшерлемені 10% төмендетуге мүмкіндік береді және кепілдеме жеткіліксіз болған кезде несие сомасынан 50%-ға дейінгі мөлшерде кепілдік алу мүмкіндігіне ие болады », - деп ақпараттандырды ол.
Абай Сарқұлов айтып өткендей, осы бағдарлама жыл соңына дейін іске қосылады, қолдау шараларын ұсынуға өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы басылымдық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Ақбота Күзекбай
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер -
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
«СҚ-Фармация»: Дәрі-дәрмек қоры, вакциналау және КВИ-мен күресте қолға алынған шаралар -
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері -
Сенат: Әзербайжанмен көшi-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiм ратификацияланды -
АҚДМ қорытындысы: Азаматтық қоғам, ҮЕҰ-нің жұмысы, жастар мен қандастар мәселесі