- Басты
- Жаңалықтар
- Латын әліпбиі - ұлттық стандарттарды өзгертеді (ВИДЕО)
Латын әліпбиі - ұлттық стандарттарды өзгертеді (ВИДЕО)
«Жасыратыны жоқ, латын әліпбиіне көшу бәсекелестікті арттыруға бағытталғаны туралы көп айтылды. Өздеріңіз білетіндей, біздің саламызда бірыңғай нормативті-техникалық құжаттар қоры жасақталған. Яғни, барлық техникалық құжаттар кім, қашан қабылданғанына қарамастан біздің Қазақстанда қолданылатын болғандықтан осы қорда болуы тиіс. Бүгінде Қазақстанда ұлттық стандарттар «ҚР СТ» қабылдануда. Бұл ұлттық стандарттар біздің заңнамамызға сәйкес мемелекеттік тілде, қазақ тілінде қабылданып, кейін орыс тіліне аударылуда. Сондықтанда қабылданған 6955 ұлттық стандарт латын әліпбиі бекітілгеннен кейін сәйкесінше бағдарлама аясында латыншаға көшіріледі», - деді сөз басында "ҚазИнСт" РМК бас директорының орыбасары Қуаныш Елікбаев
Сонымен қатар, спикер ұлттық стандарттарды латын әліпбиіне көшірудегі тиімділіктерге тоқталды.
«Ұлттық стандарттарды латын әліпбиіне көшіру әлем қауымдастығына біздің стандарттарымызды еш қиындықсыз зерттеуге мүмкіндік береді. Оның үстіне әлемде Тілдерді транслитерациялау туралы халықаралық стандарттар бар. Сәйкесінше, қазақ тіліне тән ИСО халықаралық стандартын біз жасақтайтын боламыз және осы жұмысты біз міндетті түрде жүзеге асырамыз», - деп түйіндеді Қуаныш Елікбаев.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 9 қазанында Елбасы мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының мүшелерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысына қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленген қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы ұсынылды.
Мөлдір Асқарқызы
Видео: Азамат Әлиев
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі