- Басты
- Жаңалықтар
- 2018 жылы 3 мемстандарт қабылданады – Ғ. Дұғалов (ВИДЕО)
2018 жылы 3 мемстандарт қабылданады – Ғ. Дұғалов (ВИДЕО)
«Заманауи мегаполистер өнімді, қолжетімді және өмір сүру үшін ыңғайлы болуы шарт. Аталмыш міндеттерді орындау үшін қазақстандық стандарттау жүйесі жетекші шетелдік аналогтарға сай болуы тиіс. Заманауи стандарттау түсінігіне тауар мен өнімнен басқа, қызметтер, энерготиімділік, өзара алмасушылық, эргономика және басқалар кіреді. Қазақстандық стандарттау деңгейін әлемдік деңгейге көтеру біздің қызметіміздің басты мақсаты», - деді сөз басында Ғалымжан Дұғалов.
Спикердің айтуынша, бүгінде Парламентте стандарттау бойынша ұлттық органды бекітетін және техникалық комитеттердің рөлін нығайтатын, халықаралық үлгінің негізінде стандарттауды жеке реттеу қызметіне шығаратын заңды қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Бұл болашақта отандық тауар экспортын арттыруға, оң экономикалық әсерді қамтамасыз етуге және ел экономикасына шетелдік инвестицияны тартуға септігін тигізеді», - деп толықтырды ол.
Бұдан басқа, Ғ.Дұғалов атап өткендей, Қазақстанда Астана мен Алматы да және еліміздің өзге де негізгі қалаларында «Ақылды қалалар» жобасын дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
«Комитет «Смарт Астана» тұжырымдамасын және нормативті-техникалық құжаттарды жасақтауға белсенді қатысуда. Бүгінде 9 жетекші ұлттық стандарт қабылданды. Ол нысанның құрылысынан бастап менеджмент жүйесін және тиімділікті бағалауға дейін қамтиды. 2017 жылы тағы стандарт қабылданады. Ал, мемлекеттік стандарттау жоспарына сәйкес 2018 жылы 3 стандарт қабылдау жоспарланған», - деп бөлісті спикер.
Сонымен қатар, ҚР ИДМ техникалық реттеу және метрология комитеті ИСО, ХЭК, СЕН халықаралық ұйымдарымен ынтымақтастық орнатқан және ИСО 268 техникалық комитетінің жұмысына қатысуда.
«Бүгінде біз Қазақстанның Орталық Азия аймағында инфрақұрылымның сапасын насихаттауда көшбастауын көздеп отырмыз. Ағымдағы жылы «Аймақтақ стандарттардың интернет дүкені» ақпараттық жүйесі өз жұмысын бастады. Ол Қазақстан, Тәжікстан мен Қырғызстанның ұлттық стандарттар базасын біріктіріп отыр. Бұл жоба халықаралық ынтымақтастық бойынша GIZ германиялық қоғаммен бірлесіп жүзеге асырылды», - деді Ғалымжан Дұғалов.
Жалпы, 2017 жыл Қазақстанның стандарттау саласында жұмыс істейтіндер үшін өте ерекше болды. ИСО стандарттау бойынша халықаралық ұйымның 40-шы Бас ассамблеясының отырысында Қазақстан баламалы негізде 2018-2020 жылдарға арналған ISO кеңесінің 20 мүше-мемлекеттер қатарына енгізілді. ИСО кеңесіне мүшелік ету сауда саласында техникалық кедергілерді алып тастауға және ұлттық стандарттау жүйесінің одан ары дамуына септігін тигізетін болады.
Мөлдір Асқарқызы
Видео: Азамат Әлиев
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы