- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Ресей діни салада әріптестікті дамытуды жалғастыруда
Қазақстан мен Ресей діни салада әріптестікті дамытуды жалғастыруда
Ресей Федерациясы Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдинмен кездесу барысында Нұрлан Ермекбаев Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің қызметі туралы әңгімеледі.
«Мемлекеттің дін саласындағы стратегиялық мақсаты - мемлекет пен діннің өзара әрекеттесуінің қазақстандық моделін барынша жетілдіру болып табылады, ол зайырлы құндылықтардың басымдықтарына және деструктивтік діни үрдістерге мүлдем төзбеушілікті қалыптастыруға негізделеді», - деді Нұрлан Ермекбаев.
Қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей арасында дін саласындағы ынтымақтастық туралы бірқатар халықаралық шарттар күшіне енген. Атап айтқанда, Нұр-Мүбарак Университеті мен Мәскеу Ислам университеті арасында меморандум, РФМДБ (Ресей Федерациясы Мұсылмандары Діни Басқармасы) жанындағы Ресей Ислам институты мен Мәскеу Ислам университеті және ҚМДБ арасында әріптестік орнатылып, меморандум бекітілген.
Министр Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, қол қойылған келісімдер азаматтардың рухани тұрғыда дамуына негізделген.
«Діни саланы реттеу және деструктивтік діни идеялардан халықты қорғау, діни экстремистік ұйымдардың ықпалына ұшыраған адамдарға қол ұшын созу және рухани білім беру салаларында тәжірибе алмасуды дамыту шеңберінде жасалатын жұмыстар біздің қоғамда бейбітшілік пен келісімнің одан әрі нығаюына ықпал етеді», - деп өз пікірін білдірді Нұрлан Ермекбаев.
Ведомство хабарлағандай, Қазақстан тарапы халықты діни тұрғыда сауаттандыру және конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған бірлескен іс-шараларды өткізуді, сондай-ақ имамдарды дайындау және қайта даярлау бойынша тәжірибе алмасуды ұсынды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды