Ірі мегаполистердің мэрлері Астанада кездеседі

13 Қазан, 2017 13:31
«CRE Central Asia-2017» жылжымайтын мүлік жөніндегі Орталық Азия форумында ірі мегаполистер мэрлерінің сессиясы өтеді, деп хабарлады Елорда Инфо.

«Алдағы Орталық Азия форумына жылжымайтын мүлік нарығының мамандары мен қатысушылары, Қытай, Сингапур, Ұлыбритания елдерінен келген сарапшылар қатысады.  Форумға  Алматы, Шымкент, Ашхабад, Тбилиси, Ташкент және Бішкек мэрлері қатысады", - делінген хабарламада.

«CRE Central Asia-2017» жылжымайтын мүлік мәселелері жөніндегі Орталық Азия форумы Астанада 2013 жылдан бері өтіп келеді. Іс-шара коммерциялық жылжымайтын мүлік нарығын дамытудың өзекті мәселелеріне арналған. 

Барлық жаңалықтар