• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Нығматулин мен В.Володин ҰҚШҰ аясында ынтымақтастықты арттыру мәселелерін талқылады

Н.Нығматулин мен В.Володин ҰҚШҰ аясында ынтымақтастықты арттыру мәселелерін талқылады

13 Қазан, 2017 09:53
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Санкт-Петербордағы 137-ші Парламентаралық Одақ Ассамблеясына қатысу аясында Мемлекеттік Думаның төрағасы Вячеслав Володинмен парламентаралық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Әңгімелесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың сипаты, екі ел президенттерінің стратегиялық серіктестігінің айғағы екендігін атап өтті.

Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, Н. Нығматулин мен В.Володин мемлекет басшыларының келісімдерін қазақстандық және ресейлік депутаттардың заңнамалық қолдауының маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ, екіжақты қатынастар және ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы аясында ынтымақтастықты арттыру мәселелері талқыланды. Еуразия елдері спикерлерінің отырысы, Мәжіліс пен Мемлекеттік Думаның бейінді комитеттері мүшелерінің бірлескен кездесуі және ынтымақтастық жөніндегі Палатааралық комиссия сияқты маңызды алаңдарға назар аударылды.










 

Барлық жаңалықтар