- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекет басшысы Сочидегі келіссөздерді қорытындылады
Мемлекет басшысы Сочидегі келіссөздерді қорытындылады
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырыстары аясындағы келіссөздерді қорытындылады.
«Алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстардың жоспары белгіленді. Елдеріміздегі цифрландыру мәселесіне қатысты перспективалы бағыттарды айқындадық. Қазақстан, Ресей және Беларусь арасында осы салада бірлесе жұмыс жүргізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы келесі жылы Қазақстанда цифрландыру мәселелері жөнінде кездесу өткізу жоспарланғанын айтты.
Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті германиялық бизнесмендермен өткен кездесудің нәтижелері туралы әңгімеледі. Онда Қазақстан-Германия қарым-қатынастарын экономиканың түрлі салалары бойынша ілгерілету жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинмен болған кездесудің маңыздылығына тоқталды.
«Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас ең жоғары деңгейде. Байқоңырға қатысты бағдарламаны бірлесе іске асыру жөнінде уағдаластық. Сонымен қатар, Өзбекстанға мұнай құбырын салу жоспарланып отыр. Сол үшін тиісті жұмыс атқарылуы керек»,– деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы келіссөздер барысында Еуразия көлік дәлізін дамытуға байланысты Қазақстанның көлік-транзит әлеуетін одан әрі пайдалану мәселесі де талқыланғанын атап өтті.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
«Құқықтық мемлекет» ұғымы және Қазақстан -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Мемлекет басшысы журналистерді кәсіби мерекесімен құттықтады