- Басты
- Жаңалықтар
- Прокуратураға полицияның тергеу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану 24 пайызға төмендеді
Прокуратураға полицияның тергеу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану 24 пайызға төмендеді
Бас Прокурор отырысты ашу барысында Бас прокуратураның бастамасымен жасалған пилоттық жобалардың артықшылықтарына қысқаша тоқталып кетті.
«Адамдар айлар бойы қарапайым және айқын істер бойынша шешімді күтпейтін болады. Олардың құқығын қорғау дәрежесі артып келеді. Шағымдар азайды. Ресурстар босады. Енді тергеушілер маңызды және қиын істерге көбірек көңіл бөле алатын болады. Біздің мақсат адамдар үшін жасалған жылдам, ыңғайлы және айқын процесс», - деп атап өтті Жақып Асанов.
Қызметтің мәліметінше, аталған жоба, ең біріншіден айқын істер бойынша оларды тіркеуден сотқа жолдауға дейінгі аралықта тергеу мерзімін 1-2 айдан 3-10 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берді.
Бұл нәтижеге қол жеткізу іс бойынша шығарылған шешімді келісуші тұлғалардың санын азайту, сондай-ақ «кезекші прокурордың» өкілеттілігі кеңейту арқылы, Бас прокуратура мен Денсаулық сақтау министрлігінің IT-жүйесін біріктірудің арқасында мүмкін болып отыр. Мысалға, 2-3 минут ішінде наркология және психотерапия орталығынан мәлімет алуға жол ашылды, бұған дейін бұл рәсімге 2-3 күн кететін.
Енді «кезекші прокурорлар» полиция бөлімінде азаматтардың өтініштерінің тіркелуін, сондай-ақ оларды ұстау мен жеткізудің заңдылығын тексереді. Сонымен қатар оларды қабылдап, заңнама нормаларын түсіндіреді.
Бұл жоба Астана қаласы мен Ақмола облыстарындағы екі полиция басқармасында тиімділігін дәлелдеп, а.ж. 1-шілдесінен бастап осындай форматқа барлық өңірлер қосылды.
Бүгінгі таңда жоба аясында сотқа 8,3 мыңнан астам іс жолданды, оның ішінде 28 пайызы 3 күннің, ал 43 пайызы 10 күннің ішінде тергелген.
Бұның салдарынан прокуратураға полицияның тергеу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану 24 пайызға (34 мыңнан 26 мыңға дейін), ал тергеу жүргізудің заңсыз әдістеріне шағымдану 44 пайызға (3351-ден 1484-ке дейін) төмендегенін атап өткен жөн.
Бұл жерде электрондық хаттама 5 минутта толтырылады (бұған дейін оны толтыруға 1 сағат уақыт кететін).
ЖСН енгізілген соң автоматты түрде қажетті мәліметтер барлық базалардан келіп түседі және сол сәтте хаттама бірыңғай базаға тіркеледі. Мұндай жағдайда іске қандай бір қосымша енгізуге немесе оны жоюға және жоғалту фактілеріне мүлдем жол берілмейді.
Қаражат пен уақыт үнемделді, ал процесс болса барынша ашық болды.Осы жылдың шілдесінен бастап 5 мыңнан аса электрондық хаттамалар толтырылды.
Төлемдерді өндіру де автоматтандырылды. Айыппұл жөнінде ескерту тәртіп бұзушының ұялы телефонына хабарлама түрінде келіп түседі. Айыппұлды қолма –қол сол жерде төлеуге болады.
Бұған дейін хаттама толтыруға кем дегенде 30 минут, ал тіркеуге 10 күннен астам уақыт кететін. Тәртіп бұзушы айыппұлды банкте төлеп, одан соң түбіртекті мемлекеттік органға апарып әуре-сарсаңға салынатын-ды. Ал оның орындалуы мүлдем бақылаудан тыс қалатын.
Отырыс соңында Ж. Асанов жоғарыда аталған мәселелерге Мемлекет басшысының ерекше көңіл бөліп отырғанын еске салды.
Талқылаудың нәтижесінде қылмыстық істердің тергелуін және әкімшілік іс жүргізу процестерін оңтайландыру бағытында бірқатар ұсынымдар қабылданды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады