- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан – Ресейдің ең сенімді әрі жақын серіктесі – Н.Назарбаев
Қазақстан – Ресейдің ең сенімді әрі жақын серіктесі – Н.Назарбаев
Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін және оны одан әрі дамыту перспективасын талқылады.
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Қазақстанның экономикадағы және басқа да салалардағы маңызды стратегиялық әріптесі болып саналатынын атап өтті.
«Биыл елдеріміз арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 25 жыл толып отыр. Осы жылы өзара сауда-саттық көлемі үш есе өсті. Барлық бағыттар бойынша жаңа бірлескен кәсіпорындар құрылуда», – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті екі елдің Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы ынтымақтастығы нәтижелі болып отырғанын айтты.
«Орын алған қиындықтарға қарамастан, біз алға жылжып келеміз. Қазақстан – Ресейдің ең сенімді әрі жақын серіктесі. Сонымен қатар, Байқоңыр кешеніне қатысты әріптестігіміздің дамып келе жатқанын атап өткен жөн», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, екі елдің басшылары алдағы кездесулер кестесін талқылап, өңірлік саясаттың мейлінше өзекті мәселелеріне тоқталды.
Владимир Путин мемлекетаралық байланыстарды дамытудың және нығайтудың басты факторы саналатын екіжақты кездесулердің маңыздылығы мен нәтижелілігі жөнінде айтты.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді