- Басты
- Жаңалықтар
- Елордада белгілі журналистерді еске алу кеші өтті (ФОТО)
Елордада белгілі журналистерді еске алу кеші өтті (ФОТО)

Бүгін әріптестер, оқырмандар, көрермендер және тыңдармандар өмірден өткен, алайда, елордамыздың жаңа келбетін қалыптастыру мен дамытуға зор үлес қосқан 15 үздік журналистті еске алды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар олардың есімдері туған адамдарының ғана емес, мыңдаған аудиторияның да есінде және жүректерінде мәңгілік сақталатынын атап өтті.
«Олардың есімдері біздің жүрегімізде» жобасы мен идеясының авторы белгілі журналист, астананың бірінші баспасөз хатшысы Садыбек Түгел.
"Біз бүгін белгілі журналистерді еске алудың үшінші кешін өткізіп отырмыз. Іс-шара «Олардың есімдері біздің жүрегімізде» деп аталады. Кештің басты мақсаты – астанамызды дамыту бойынша орасан зор жұмыс атқарған белгілі журналистерімізді еске алу. Бүгін біз жас ұрпаққа үлгі болған 15 үздік журналисті еске алып отырмыз. Олар ақын - «Тұмар» республикалық журналының бас редакторы - Фариза Оңғарсынова, «Жаңа Сарыарқа» журналының бас редакторы - Нұрғожа Ораз, нағыз батыр - журналист, «Эксперс К» республикалық газетінің бас редакторы - Алексей Пан, Хабар агенттігінің тілшісі - Сергей Насыров және Лариса Латынина және басқалары», - деді Садыбек Түгел.


Қонақтарға олардың өмірлерінің жарқын сәттері көрсетілді, әріптестер бірлескен жұмыс сәттері туралы естеліктерімен бөлісті.


«Бүгін біз осы белгілі адамдардың өмірінің жарқын сәттерін еске алып, тақырыптық концерттік бағдарлама көреміз. Биылғы осы еске алу кешін Қазақстан Республикасының жаңа елордасы Астана қаласына және Президентіміздің «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасына арнап отырмыз», - деп қорытындылады С. Түгел.
Ақбота Күзекбай
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары