- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-ның өндірістік кәсіпорындары 510 млрд теңгенің өнімін өндірді
ОҚО-ның өндірістік кәсіпорындары 510 млрд теңгенің өнімін өндірді
Аймақ әкімдігінен хабарлағандай, өңірде кәсіпкерлікті қолдау мақсатында Индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы сәтті жүргізіліп жатыр.
«Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде 2015-2019 жылдары Кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша құны 1,2 трлн. теңгеге 17,5 мыңнан астам жұмыс орнын құрайтын 135 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда мемлекеттік бағдарламаның аясында 47,7 млрд. тг. құрайтын 49 жоба іске асырылды. Онда 1900-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылды. 2017 жылы 37 млрд. теңгенi құрайтын 17 жобаны іске қосу көзделген. Есепті кезеңде құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылды»,-деп көрсетілген хабарламада.
Жалпы жылдың соңына дейін 34,7 млрд. теңгені құрайтын 12 жоба іске қосылады. Бүгінгі таңда іске қосылған жобалардың 94%-ы жоспарлық қуаттылықты игеріп, 71 млрд.теңгенің өнімін өндірді. Өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 21 пайызға жеткен.
Бұдан басқа, Батырхан Құрмансейіт «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жалпы инвестиция соммасы 34,3 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба жүзеге асырылғанын атап өтті. Яғни бұл кәсіпорындармен 22,7 млрд. теңгеге өнім өндірілсе, өндірілген тауарлар Германия, Англия, Корея, Түркия, Ресей сынды 15-тен астам елдерге экспортталған.
Аталған аймақта осы жылдың соңында жалпы инвестиция көлемі 2,6 млрд. теңге құрайтын 3 жоба іске қосылады деп күтілуде.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Еңбек қауіпсіздігі: Жұмысшылар құқығы, өндірістік жарақат және әлеуметтік төлемдер -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы түрінде 97 млрд теңге төленді -
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді -
Жыл басынан бері көпбалалы аналар 45,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды -
Жәрдемақы: Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 32 млрд теңгеден астам қаражат төленді -
СҚО-да мемлекеттік сатып алулар электронды форматқа ауыстырылып, 1 млрд теңге үнемделді -
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады -
Жер қойнауын пайдалану құқығы берілген онлайн аукцион қазынаға 61 млрд теңге әкелді -
Қазақстандықтарға 334 млрд теңгеден астам қаражат жәрдемақы түрінде берілді -
Мәжілісте өндірістік секторды қолжетімді қаржыландыруды мақұлдады