- Басты
- Жаңалықтар
- ЗҚО әкімдігі жапондық тараппен келісім орнатты
ЗҚО әкімдігі жапондық тараппен келісім орнатты
Жапон елінің габионды бөгет жасайтын компаниясы әлем нарығында 130 жылдан астам уақыт бойына белгілі. Өнімдерінің жоғары сапасымен ерекшеленетін өнеркәсіп былтырдан бастап Алматы қаласында да жұмысын бастады.
Елбасының тікелей тапсырмасымен ашылған зауыттың жылдық қуаты – 5000 тонна. Әзірге тек Алматы қаласы үшін өнім дайындап отырған орын еліміздің өзге аймақтарына да шығуды көздейді. Осы мақсатта биыл жылдық қуаты 17 мың тонна болатын екінші зауыттың құрылысын бастаған.
Батыс Қазақстан облысы өкілдерімен кездескен компания басшылығы алдымен ұсынатын өнімдерін таныстырды. Айта кету керек, жоғары сапалылығымен танымал габионды тор бөгеттері экологиялық жағынан таза әрі беріктігі де жоғары. Осы орайда, облыс орталығының өзінде 3 өзен ағып жатқанын тілге тиек еткен облыс әкімі А.Көлгінов аталмыш бөгеттердің өңір үшін аса қажеттілігін атап көрсетті, сондай-ақ кездесуге қатысқан облыстың құрылыс саласы мамандарының пікірін тыңдады.
Өз кезегінде жапондық компания өкілдері габионы тор бөгеттеріне 50 жылға дейін кепілдік беретіндіктерін айтты.
Кездесу соңында екі тарап ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Сондай-ақ «Tokyo Rope Almaty» өкілдері болашақта жергілікті мамандарды компания есебінен Жапония еліндегі зауытта оқыту курстарына жіберуге мүмкіндіктері бар екендігін жеткізді.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
АҚИҰ мен «ҰАҒБО» КеАҚ ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
Quest Ventures пен Astana Hub келісімге қол қойды -
Қазақстан бұрынғы деңгейде мұнай өндіруді бір айға ұзарту туралы ОПЕК+ келісімін қолдады -
Ә.Мағауов: Қазақстан ОПЕК+ келісімінің шарттарын сақтайды -
Сенатта еліміздің Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы келісім қаралды -
Сенат Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы еңбекші мигранттардың құқықтарын қорғау туралы келісімді қабылдады -
Елордалық Қоғамдық кеңес пен ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды -
Жарты жылда 63 экспорттық келісімшарт жасалды - Б.Сұлтанов -
Мемлекет басшысының Берлинге жасаған сапарынан кейінгі келісімдердің орындалу барысы талқыланды
-
Елорда әкімдігіндегі қабылдауда 700-ге жуық адам болды -
ҚХА: «БАҚ және қоғамдық келісім» медиа форумы өтті -
Е.Досаев: ЕАЭО-ға мүше елдердің қаржы нарығындағы заңнамасын үйлестіру туралы келісім әзірленді