- Басты
- Жаңалықтар
- Әзірлеушілер қазақ әліпбиінде диграфтардың неліктен жоқ екені туралы айтып берді
Әзірлеушілер қазақ әліпбиінде диграфтардың неліктен жоқ екені туралы айтып берді
Ш. Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов латын әліпбиінің жобасында диграфтардың көбі неліктен алынып тасталғанын түсіндіріп өтті.
«Біз бір дыбысты бір әріппен жазуға үйреніп қалдық. Екі әріп бір дыбыс ретінде ұсынылған кезде басым көпшілік оған қарсы болды. Диграф жүйесі өтпеген соң, апостроф жүйесіне көшуге тура келді», - деп атап өтті ол.
Спикердің айтуынша, бұл да соңғы нұсқа емес.
«Біз екі диграфты қалдырдық, сондай-ақ тек дауысты дыбыстарды ғана апострофтармен беру, ал барлық дауыссыз дыбыстарды диграфтармен беру туралы ұсыныс болды. Бұл жағдайда әліпбидің жүйелілігі бұзылар еді. Бізде апострофтармен де, диграфтармен де берілетін сөздер бар. Ғалымдардың айтуынша, қазақ тілінде сөздік қорында 500 мыңға жуық сөз бар деп есептеледі. Сөздердің мұндай санынан, әрине, диграфтар да, апострофтар да табылады. Мысалы, француз тілінде төрт-алты әріп жазылса, тек үш әрпі ғана оқылады. Латын әліпбиі қазақ тілі үшін ойлап табылған әліпби емес, бұл біздің байырғы әліпбиіміз емес», - деді Ербол Тілешов.

Сондай-ақ Ербол Тілешов түркі тілдерінің ұқсас дыбысталуына қарамастан, қазақ тілінің грамматикасы мен әріптерінің құрылымы басқа және ерекшеленетінін айтып өтті.
«Латын әліпбиіне алдымен Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан елдері көшкен болатын. Осы елдердің барлығының әліпбилері бір-біріне ұқсас емес. Мысалы, біздің әліпбиіміз ноғай немесе қырғыз әліпбиімен бірдей бола алмайды», - деп атап өтті Ербол Тілешов.

Баспасөз конференциясында латын графикасындағы орфографиялық сөздікті әзірлеу мерзімі айтылды.
«Алдымен біз әліпбиді нақты әзірлеп алуымыз қажет және оны қабылдағаннан кейін ғана орфографиялық сөздік жасалады. Ол үшін мамандар жеткілікті», - деп мәлім етті спкерлер.
Еске сала кетейік, латын графикасындағы қазақ әліпбиінің соңғы жобасы енді 32 әріптен тұратын болады. 9 қазанда әзірлеушілер жаңа жобаны ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа ұсынған болатын.

Ақбота Күзекбай
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді