- Басты
- Жаңалықтар
- Мақта дақылы бәсекеге қабілетті болу қажет – Ж.Түймебаев
Мақта дақылы бәсекеге қабілетті болу қажет – Ж.Түймебаев
«Ауыл шаруашылығы дақылдарының басқа түрлері өзге өңірлердің барлығында өсіріледі. Мәселен, республикалық көрсеткіште Оңтүстіктің көкөніс өндіруден алар орны 25 пайызды, жүзімнен 70, жемістен 37 пайызды құрайды. Ал мақта дақылы 100 пайыз тек қана осы өңірде өсіріледі. Сондықтан елiмiздегi үлкен табыс әкелетiн жүз жылдық тарихы бар мақта дақылының сапалы сорттарын дамытып, инновациялық технологияларды өндіріске ендіру арқылы ақ алтынды өндірудің тиімділігін арттыруымыз керек. Сондықтан осы саладағы мәселелердi бiрлесiп жүйеге түсiрсек қана мол өнiмге қол жеткiземiз», -деді әкім.
Облыс әкімдігі хабарлағандай, атакент кентіндегі ғылыми зерттеу институтында бүгінде дүниежүзілік мақтаның 10-нан астам түрі зерттеледі. Ондағы ғалымдар ақ ұлпаның 12 орта талшықты, сыртқы ортаның қолайсыз факторларына төзімді, өнімділігі 5-6 ц/га жоғары сорттарын шығарды. Сондай-ақ, өндіріске отандық бес мақта сортын енгізді. Институт ғалымдары әзірлеген мақта қозасын баптаудың қарқынды технологиясы 58,3 мың гектар мақталық егіске, топырақты 55-60 см терең қопсыту технологиясы 57 мың гектар жерге ендірілген.
Айта кетейік, мақтадан талшық, тұқым, талшықтан мата немесе каток жіп, сабын мен мақта майы сынды 1200-ден аса әр түрлі заттар алынады.
Бұдан бөлек, аймақ басшысы Қазыбек би ауылдық округіне қарасты 57,6 метр тереңдікте орналасқа тік дренаждың жұмысын көрді. Аманкелді подстанциясынан энергия алатын тік дренаж ЭЦВ-12-210-15 атты насосбен жұмыс істейді. Жалпы, ауданда 731 тік дренаж болса, оның 300-і республика меншігінде. Республикалық меншіктегі тік дренаждардың 260-ы жұмыс жасайды. Осы тік дренаждар мен коллекторлық жүйелер толықтай қалпына келетін болса, жердің тұздану мәселесі шешіліп, топырағының құнарлығы бірнеше есе жоғарылайтын болады.
Сапары барысында облыс әкімі Мақтарал ауылдық округіндегі «Жарқын» шаруа қожалығының күріш алқабының жұмысымен танысты. 1997 жылы құрылған шаруа қожалық 92,2 гектар жерді игеріп отыр. Оның 72,2 гектарына күріш, 15 гектарына мақта дақылы егілген. Жалпы ауданда 1,5 мың гектарға күріш егілген. Шаруалар гектарына 50-60 центнерден өнім алып отыр. Жалпы диқандар күрішті жерді тыңайту мақсатында егеді. Негізгі бағыттары мақта шаруашылығы.
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
СOVID-19: Елорда «қызыл» аймақта тұр -
Коронавирустан кейін денсаулықты қалай қалпына келтіру қажет -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Н.Әбілшайықов: Кәсіпкерлерлерге несие алу шараларын жеңілдету қажет -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет