- Басты
- Жаңалықтар
- Елордада гендерлік саясат мәселелері талқыланды
Елордада гендерлік саясат мәселелері талқыланды
Дөңгелек үстелге Астана қаласы әкімдігі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның, Expo&Women халықаралық компаниясының өкілдері, Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысты. Диалогтық алаң құрудағы мақсат – мемлекеттік органдар өкілдерінің, қоғам қайраткерлерінің, білім беру мекемелері мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің Қазақстандағы гендерлік саясат тиімділігіне қатысты жобаны іске асырудың қорытындылары мен мәселелерін талқылау.
Парламент Мәжілісінің депутаты Майра Айсинаның айтуынша, бүгінде елімізде әйелдің саясатқа араласуына ешқандай кедергі жоқ.
«Экономиканы алатын болсақ, қазір елдегі шағын және орта бизнестің 50 пайызын, жеке кәсіпкерліктердің 60 пайызын әйелдер басқарады. Егер Мәжілісте үшінші шақырылымда 8 әйел депутат болса, олардың 29 әйел, Сенатта 8 әйел бар. 2010 жылдың өзінде әйелдердің саясаттағы, экономикадағы беделі бойынша Дүниежүзілік экономикалық форум аясында құрылған рейтингте, Қазақстан 134 елдің ішінде 41-ші орынға жайғасқан болатын», - деді Майра Айсина.
Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Қазақстан әйелдері» ассоциациясы ұйытқы болған шарада «Әйелдер көшбасшылығы мектебі» жобасының 2017 жылы іске асырылу барысы, гендерлік бюджеттендіру, экология, инновациялар және ЕХРО 2019, ЕХРО 2020-ға дайындық саласындағы әйелдер бастамаларын қолдау, әйелдердің ғылыми қызметтерін ізгілендіру мәселелері ортаға салынды.
Майра Айсинаның сөздеріне қарағанда, Қазақстанда саясаттағы әйелдердің үлесін 30 пайызға жеткізу мақсаты тұр. Оның пайымынша, мақсатқа қол жеткізу үшін әйелдер бір-бірін қолдау керек. Бұл тұрғыда депутат Қостанай облысы мәслихатының депутаттарын үлгі етті.
«Біз өзімізді таныту үшін, сөзіміз өтімді болуы үшін, ең біріншіден, бір-бірімізді қолдауымыз қажет. Бұл тұрғыда қостанайлық, павлодарлық әйелдер үлгі бола алады. Аталмыш облыстардағы аудандық, қалалық мәслихат депутаттары үлесінің 25-30 пайызын әйелдер қауымы құрайды. Басқа облыстарда мұндай жоқ десе де болады. Парламент Мәжілісінің өзінде де Қостанайдан үнемі 2 әйел депутат ұсынылады. Бұл Тобыл өңірінде әйелдер ынтымақтастығының бар екендігін білдіреді. Біз үшін бүгін бірігу маңызды. Сонда ғана біз алдымызға қойылған міндеттерге қол жеткізе аламыз», - деп түйді сөзін Майра Айсина.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді