- Басты
- Жаңалықтар
- «Өрлеу» жобасына қатысушы азаматтар саны 161 мыңнан асты
«Өрлеу» жобасына қатысушы азаматтар саны 161 мыңнан асты
Қазақстанда «Өрлеу» бағдарламасы қарқынды түрде жүргізіліп келеді. Осы уақытқа дейін жоба еліміздің барлық 14 облысы мен Астана және Алматы қаласын толық қамтыды. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 32,5 мың адам немесе «Өрлеу» жобасына қатысушы еңбекке қабілетті азаматтардың 91,7 %-ы тартылды.
Айта кеткен жөн, ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін 24 861 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, 4 697 азамат қоғамдық жұмыстар мен әлеуметтік жұмыс орындарына орналыстырылды. Сондай-ақ, 2 660 жас маман қайта дайындау курстарына және жастар тәжірибесіне жолданды.
«Өрлеу» жобасына шартты атаулы көмекті тағайындау үшін жүгінген отбасылар немесе азаматтар, ай сайынғы жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан 60 пайыздан төмен болса және отбасының еңбекке қабілетті мүшелері әлеуметтік келісімшарт талаптарын орындауға келіскен жағдайда қатыса алады», – дейді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің бас сарапшысы Асқар Ниязов.
Оның айтуынша, жобаның мақсаты – кедейлік жағдайына тап болып, белгілі бір себептермен тығырықтан шыға алмай отырған азаматтарға көмек қолын созу.
Жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекті енгізу мақсатында 2014 жылдан бастап «Өрлеу» жобасы іске асырылып келе жатыр. Жоба жұмыспен қамту орталықтары арқылы азаматтарға өз ісін ашып, оқуға және жұмысқа тұруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда жобаны жүзеге асыруда Оңтүстік Қазақстан (115 645 адам), Жамбыл (12 045 адам), ШҚО (8 247 адам) және Алматы (7 619 адам) облыстары көш бастап тұр.
Нәтижесінде, жобаға қатысушы әрбір азаматтың тапқан табысы 3,1 есеге, яғни 5 978 теңгеден 18 397 теңгеге дейін өсті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Коронавирусқа қарсы вакцина алғандар саны 8 млн-нан асты -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қазақстан мен Ресейдің XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында қандай мәселелер көтерілді -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары