- Басты
- Жаңалықтар
- Қарағанды облысында көмір қабатынан метанды барлау және өндіру бойынша жоба жүзеге асырылып жатыр
Қарағанды облысында көмір қабатынан метанды барлау және өндіру бойынша жоба жүзеге асырылып жатыр
Абай ауданындағы Шерубай-Нұра учаскесінде геологиялық жұмыстар жүргізілуде – тәжірибелік-өндірістік ұңғымалар игеріліп жатыр. Газ шықты, жәнеде оны дала алқаптарындағы тұтанған от шырақтары растайды.
Шерубай-Нұра учаскесінде жоба жергілікті ғалымдарды жұмылдыру арқылы «Сарыарқа ӘКК» ҰК» АҚ және «КазТрансГаз» АҚ бірлесіп жүзеге асырылуда. Мұнда 8 ұңғыма қазылған, оның үшеуі керн алуға арналған барлау ұңғымалары және бесеуі - тәжірибелік-өндірістік.
« Бұл өте өзекті бағыт. Осыдан ондаған жылдар бұрын біздің алдымызда шахталарды газдан тазарту проблемасы тұрған. Бүгін де біз сол жолмен келе жатырмыз. Ең бастысы – тәжірибелік-өндірістік ұңғымалар оң нәтиже берді. Алайда қабаттардың өткізгіштігін анықтау үшін зерттеулерді жалғастыра беру керек», - деді көмір саласының ардагері, техникалық ғылымдардың докторы, профессор Николай Дрижд.
Мамандар учаскіде қабаттарды гидро ажырату әдісін қолданады. Осы секілді технология Қарағанды облысының көмір бассейндеріндегі тығыз қабаттарға анағұрлым ыңғайлы. Барлау жұмыстарына шамамен 2 млрд теңге инвестицияланған.
Іріктелген керн АҚШ, Германия және Польша елдерінің зертханаларында зерттелген. Алынған мәліметтер метанды өндірістік шығару үшін учаскенің әлеуетті екенін дәлелдейді.
Шерубай-Нұра учаскесі бойынша қорды бағалау жұмысы күтіп тұр. Ол үшін осы жылы мерзімі аяқталған келісімшарт уақыты тағы екі жылға созылды. Осы кезеңдегі жұмыстың құны жобалау нәтижесі бойынша анықталады. Қазір әлеуетті инвесторлар іздестірілуде.
Ерлан Қошанов аймағымыз және жалпы еліміз үшін жобаның жүзеге асырылуы маңызды екенін атап өтті. Аймақ басшысы әрі қарайғы даму кезеңдерінде пайда болға мәселелерді шешуде қолдау көрсететінін жеткізді.
Көмір өндіретін кен орындарындағы потенциалды метан қоры бойынша Қазақстан әлемдегі жетекші 10 ел қатарына кіреді. Геологтық барлау және бағалау жұмыстары аяқталған соң газ қорын мемлекеттік пайдалы қазбалар балансына қою шаралары жүргізілетін болады.
Естеріңізге сала кетейік, Қарағанды облысында көмір қабатынан метанды барлау және өндіру бойынша жоба Елбасының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатыр. Басты мақсат – кеншілердің жұмысын қауіпсіз ету. Оған қоса, жобаның сәтті іске қосылуы елімізде жаңа отын-энергетикалық саланы құруға септігін тигізетін болады. Метан – балама энергия тасымалдаушы болып табылады, оның қоры өте жоғары. Болашақта оны Астана мен Қарағандыны газдандыру үшін пайдалануға болады.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау