- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында қазіргі заманғы жылыжай кешені салынады
Ақтөбе облысында қазіргі заманғы жылыжай кешені салынады
«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, Венгрияның «Эксимбанк» және CCL Capital басқарушы компанияның қатысуымен құрылған Тікелей инвестициялардың Қазақстан-Венгрия қоры Ақтөбе облысында құны 12 млн.АҚШ долларының жоғары технологиялық жылыжай кешені құрылысы бойынша жобаға инвестиция салды.
CCL Capital атап өтілгендей, жылыжай кешенінің құрылысы үш жыл бойы кезең-кезеңмен жүргізілетін болады. Жоба KUBO Group (Нидерланды) компаниясының Ultra Clima бесінші буынның технологияларын пайдалану арқылы жартылай жабық жылыжай тұрғызуды болжайды. Мамандардың бағалауы бойынша, Ultra Clima технологиясы базасындағы кешендер дәстүрлі жылыжайларға қарағанда орташа 20%-ға тиімдірек. Жобамен жалпы алаңы 20 гектар жылыжай кешенінің төрт блогының құрылысы қарастырылған.
Ақтөбе облысындағы алаңы 20 га қазіргі заманғы жылыжай кешенінің құрылысы бойынша жобаны іске асыру туралы FoodVentures (Голландия), «ADM Capital» (Венгрия) және "Green Capital Kazakhstan" ЖШС (Қазақстан) компаниялары арасындағы үшжақты келісімге 2017 жылғы 25 тамызда Астана қаласында «ҚазАгро» ұлттық холдингімен ұйымдастырылған «AgroInvest Forum 2017» агроөнеркәсіптік инвестициялық форум барысында қол қойылғанын еске саламыз.
«ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлыбек Малеловтің айтуынша, аталған жобаны тікелей инвестициялар қорының құралдарының қатысуымен іске асыру өз кезегінде елдің агроөнеркәсіптік кешенінің тартымдылығын дәлелдейді. Холдинг саланы қаржыландырудың аталған құралын дамытуға қатысты жұмысты жалғастыруға ниетті, ол қаржы қаражаттарын тартып қана қоймайды, және де технологиялардың трансфертін, өндірістің тиімділігін жоғарылатуды, жаңа жұмыс орындарын құруды тұспалдайды, бұл «ҚазАгро» холдингі үшін қызметтің басты бағыттарының бірі болып табылады.
-
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
Маңғыстау облысында арматура өндіретін кәсіпорындар ашылды -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 1 бөлім -
Жамбыл облысында 5000-нан аса дәрігерлер мен мұғалімдер екпе салдырды