- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «AQMOL» сауда желісі ашылады
Астанада «AQMOL» сауда желісі ашылады
Облыс əкімдігінің баспасөз қызметінде хабарлағандай, жобаны 2 кезең бойынша жүзеге асыру қарастырылған.
«Биылғы жылы Ақмола облысының бренд тауарлары Астанадағы үш сауда орнында сатылатын болады. Келер жылы көтерме жəне бөлшек сауда нүктелерінің санын 10-ға жеткізу көзделген», - деді «Есіл ƏКК» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қазбек Ескендіров.
Астанда алғашқы «AQMOL» сауда нүктесін ағымдағы жылдың қараша айында Р.Қошқарбаев даңғылында ашу жоспарланған.
Мұндағы əрбір сауда орнының көлемі 200-500 шаршы метр көлемінде болады.
«Дүкен сөрелерін жергілікті өніммен камтамасыз ету үшін бөлшек сауда орталығы құрылады. Нысаннан тұрғындар еш қоспасыз сапалы өнім сатып ала алады. Осы мақсатта «АҚМОЛ» сауда үйі» ЖШС құрылды. Оған «Родина» Агрофирмасы»ЖШС, «Ижевский» ӨК, Астана Агро Продукт» ЖШС, CAPITAL PROJECTS LTD» ЖШС, «Гормолзавод» ЖШС, «Айна» Сауда үй» ЖШС тəрізді сүт жəне сүт өнімдерін өндіретін өңірдегі кəсіпорындар кіреді»,- деді Қазбек Ескендіров.
Алдағы уақытта тауар өндірушілер қатары артатын болады. Отандық сауда желісін құру астаналықтарға сапалы əрі арзан бағамен өнім жеткізуге мүмкіндік береді.
Қазбек Ескендіровтың айтуынша, ойластырылған логистика істің тағы бір артықшылығы болып саналады.
-
ӘМАТТ: Сауда үстемесін 15%-дан асырғандар қанша айыппұл төлейді -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Адам саудасымен байланысты қылмыстардың алдын алу шаралары -
Президент тапсырмасы: Биржадағы саудада тәртіп орнай бастады -
Нашақорлықпен күрес күні: Есірткі саудасы, интернет алаяқтық және алдын алу шаралары -
Қылмыстық процесті жаңғырту, адам саудасы және интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
Әлемдегі және Қазақстандағы электронды сауданың даму перспективалары -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
Есірткі саудасы немесе адамзатқа қарсы қылмыс жайлы -
Нұр-Сұлтан қаласында «Құнанбай» спектаклінің премьерасы өтті -
Түркістан облысының дамуы: Сауда айналымы, экспорт, импорт және инвестиция -
Бақыт Сұлтанов азық-түлік бағаларының өсу себебін айтты -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі -
ҚР 2021-2025 жылдарға арналған сауданы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асады