• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бақытжан Сағынтаев ғылыми медициналық орталықтардың басшыларымен кездесу өткізді

Бақытжан Сағынтаев ғылыми медициналық орталықтардың басшыларымен кездесу өткізді

11 Қазан, 2017 18:25
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев еліміздің жетекші ғылыми медициналық орталықтарының директорларымен кездесу өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.

Кездесу барысында республикада медициналық ғылымды дамытудың негізгі бағыттары талқыланды. Соның ішінде, онкологиядағы персонализацияланған медицина артықшылықтары, білім, ғылым және клиникалық практиканың бірігуі, сондай-ақ, Қазақстандағы биомедициналық зерттеулер келешегі қаралды. 

Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының басқарма төрағасы Ю. Пя, А. Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының басқарма төрағасы Б. Баймаханов, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институттың директоры  Д. Қайдарова, Семей қ. мемлекеттік медициналық университетінің ректоры Е. Жүнісов ағымдағы жағдай, клиникалық зерттеулер жүргізу тәжірибелері мен қазақстандық медицина алдында тұрған міндеттер туралы баяндамаларымен таныстырды.

 

Барлық жаңалықтар