- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасын қайта қарауды ұсынды
Н.Назарбаев ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасын қайта қарауды ұсынды
Кеңеске Әзербайжан Республикасының Президенті И.Әлиев, Армения Республикасының Президенті С.Саргсян, Беларусь Республикасының Президенті А.Лукашенко, Молдова Республикасының Президенті И.Додон, Ресей Федерациясының Президенті В.Путин, Тәжікстан Республикасының Президенті Э.Рахмон, Түрікменстан Президенті Г.Бердімұхамедов, Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.Мирзиёев, сондай-ақ Қырғыз Республикасының Премьер-Министрі С.Исақов және ТМД-ның Атқару комитетінің төрағасы – Атқарушы хатшысы С.Лебедев қатысты.
Қазақстан Президенті сөйлеген сөзінде ТМД-ға мүше елдердің арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуда ұйымның ерекше рөл атқаратынын атап өтті.
Мемлекет басшысы ТМД-ны жаңғырту мен оны жетілдіруге қатысты бірқатар өзекті бағыттар жөнінде айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасын қайта қарап, жаңа іс-шаралар жоспарын әзірлеуді ұсынды.
Сонымен бірге, Қазақстан Президенті достастық елдері арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайту мәселелеріне тоқталды.
«ТМД аумағында қызмет көрсетудің еркін саудасы бизнесмендеріміз үшін зор мүмкіндіктер туғызып, елдеріміздің сауда-экономикалық кооперациясын жаңа деңгейге шығарады. Үкіметтер басшыларының кеңесі мен Атқару комитетіне Қызмет көрсетудің еркін саудасы туралы келісімнің жобасы бойынша жұмысты жандандырып, оны жуық арада қабылдау жөнінде тапсырма беруді ұсынамын», – деді Мемлекет басшысы.
Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының ұйымға төрағалығының нәтижелі болғанын айтып, келесі жылы ТМД-ға төрағалық ететін Тәжікстан Республикасына табыс тіледі.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері