- Басты
- Жаңалықтар
- ДДҰ Қазақстанның ана өлімін азайтудағы жетістік тарихын жариялады
ДДҰ Қазақстанның ана өлімін азайтудағы жетістік тарихын жариялады
Жинақтың бірінші бөлімінде денсаулық сақтау жүйесін жақсарту және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін ДДҰ қозғаған алты іс-әрекет сипатталады. Екінші бөлім 2017 жылғы шұғыл деректер бойынша ТДМ жетістіктерінің ағымдағы мәртебесіне арналған. Жинақтың үшінші бөлімінде ДДҰ ұсынған іс-әрекеттер арқылы халық денсаулығын жақсартуға күш салып отырған кейбір елдердің жетістік тарихы жарияланған.
Ұсынылған жетістіктер тарихы елдердің денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін қабылдаған шаралар жиынтығын көрсетеді, ол өз кезегінде тұрғындар өмірін қорғайтын реформалар енгізуді жеделдетеді.
ТДМ 3.1 ана өлімін болдырмауға бағытталған, Қазақстанның жетістігі дәл осы салада байқалады.
Қазақстан 2011 жылдан бастап «ана өлімінің құпия аудиті» аталатын, эпидемиологиялық қадағалаудың мамандандырылған жүйесін енгізген санаулы елдердің бірі. ДДҰ деректері бойынша, бұл Қазақстандағы азаматтық тіркеу және статистика жүйесін жақсартып, соңы өлімге алып кеп соғатын қателіктердің себептері бойынша түзету шараларын енгізуге мүмкіндік берді.
Министрлік хабарлағандай, бұл әдістеме түрлі дерек көздерін (қайтыс болған әйелдің отбасы мүшелеріне құпия сауалнама жүргізу, денсаулық сақтау қызметкерлеріне сауалнама жүргізу, ресми деректерге шолу, тұрғындарға сауалнама жүргізу, медициналық карталарының деректері және өлімді тіркеу деректері) жинақтауға негілделген.
ДДҰ атап өткендей, бұл аудит Қазақстанда ресми тіркелген ана өлімі жағдайларын ғана емес, жазатайым уақиға ретінде немесе басқаша себептермен тіркелген жүкті әйелдер өлімін де қозғайды. Нәтижесінде 2011-2013 жылдар аралығындағы осындай 18 өлімнің 8-і ана өлімі ретінде қайта жіктелді.
«Ана өлімінің құпия аудиті нәтижесінде Қазақстанда емдеу хаттамалары қайта қаралып, анық, расталған статистикалық деректер жинап, ана өлімін болдырмау жөнінде жүйелі шаралар қабылданды» деп атап көрсетіледі ДДҰ жинағында.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Халық санағы: Өту барысы, санақ бұрыштары, деректер базасындағы қателер -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады