• Басты
  • «ЭКСПО-2017» халықаралық деңгейдегі ірі кездесулер өткізетін алаңға айналды
11 Қазан, 2017 16:13

«ЭКСПО-2017» халықаралық деңгейдегі ірі кездесулер өткізетін алаңға айналды

Үкіметте баспасөз конференциясы аясында ҚР ИДМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Лариса Жұмағалиева «Халықаралық Экспо-2017 мамандандырылған көрмесін» өткізуге министрліктің үлесі туралы айтып берді, деп хабарлады Primeminister.kz.

«ЭКСПО-2017» халықаралық деңгейдегі ірі кездесулер өткізетін алаңға айналды | Strategy2050.kz

Оның айтуынша, «Халықаралық Экспо-2017 мамандандырылған көрмесін» өткізу кезеңі іс-шаралар мен халықаралық деңгейдегі кездесулер тұрғысынан мазмұнды болды.

«Халықаралық Экспо-2017 мамандандырылған көрмесі» аясында ҚР ИДМ 170 жуық іс-шара өткізді, олардың ішінде: 13 министрлердің сапары, 12 Ұлттық күн, үкіметаралық комиссиялардың үш отырысы, 76 екіжақты кездесу, вице-министрлердің қатысуымен 61 екіжақты кездесу», — деді спикер.

Ең маңызды іс-шаралардың ішінен ол ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің ресми сапары аясында 7-9 маусымда өткен Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінің IV отырысын атады, оның аясында $5 млрд астам сомаға 21 коммерциялық құжатқа қол қойылды.                                                                                

Сондай-ақ, маусымда алғаш рет мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор мен екі елдің бизнес қауымдастықтарының өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Америка бизнес форумы өтті. Форум аясында бірқатар екіжақты келіссөздер жүргізілді.

Бұдан өзге, ГФР Президенті Ф.-В. Штайнмайердің Қазақстанға сапары аясында сауда-экономикалық ынтымақтастығы бойынша Қазақстан-Германия үкіметаралық жұмыс тобының XI отырысы және Қазақстан-Германия іскерлік кеңесінің X отырысы өткізілді. Кеңес отырысының қорытындысы бойынша € 973 млн жуық сомаға 20-дан астам коммерциялық келісімге қол қойылды.

Нәтижесінде алдағы ынтымақтастық туралы келісімдер мен меморандумдарға қол қойылған «Экспо-2017» ең айтулы оқиғаларының тізімінде Қазақстан-Австрия экономикалық форумы, Қазақстан-Канада іскерлік кеңесінің ІІ отырысы, Қазақстан-Беларусь бизнес форумы, Қазақстан-Түркия үкіметаралық экономикалық комиссиясының кезекті отырысы, екі елдің Мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан-Польша бизнес форумы және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Франция үкіметаралық комиссияның отырысы бар.  

«Өткізілген іс-шаралар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға, инвестициялар тарту бойынша тәжірибе алмасуға, түрлі салаларда өзара тиімді бірлескен жобаларды әзірлеу мен іске асыруға, шағын және орта бизнес желісі бойынша байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ өңіраралық байланыстарды нығайтуға септігін тигізеді», — деп атап өтті Л. Жұмағалиева.

Оның айтуынша, 2017 жылы жалпы $4 млрд сомаға 12 жобаны іске асыру басталды.

«Бүгінгі таңда алғашқы қадам жасалды деп айтуға болады. Инвесторлардың Қазақстанға ақша салудың тиімді екеніне көздері жетті. Әрине, барлық келісімдер мен меморандумдар 100% іске асырылады деп айтуға әлі ерте. Инвесторлар Қазақстанға енді келіп жатыр, олар біздің инвестициялық ахуалымызды, құқықтық базаны зерттейді. Содан кейін ғана олар Қазақстанға қандай мөлшерде инвестиция салатыны туралы шешім қабылайды. Келесі кезеңге Инвестициялар және даму министрлігі мен Kazakh Invest толық жауап береді», — деп түйіндеді Л. Жұмағалиева.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды