• Басты
  • Жаңалықтар
  • Латын әліпбиінің екінші нұсқасы даулы мәселелердің шешімін тапты – А. Перуашев

Латын әліпбиінің екінші нұсқасы даулы мәселелердің шешімін тапты – А. Перуашев

11 Қазан, 2017 15:57
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Азат Перуашев латын әліпбиінің екінші нұсқасы даулы мәселелердің шешімін тапқанына сенімді.

Ruh.kz хабарлауынша, мәжілісмен атап өткендей, латын әліпбиінің екінші нұсқасы даулы мәселелердің шешімін тапты.  

«Мен әліпбидің жаңа нұсқасы жақсы дер едім. Латын қаріпіне көшу біздің қоғамымыз үшін үлкен жетістік. Біздің партия бұл туралы бастапқы да айтқан болатын. Ал, қазір соның барлығын алға жүргізетін уақыт келді», - деді Азат Перуашев.

Мәжілісменнің пайымынша, реформаны талқылау барша қазақстандықтарды қамтыды және өз үлесін қосамын деушілердің барлығына дерлік мүмкіндік берілді.

«Бірінші нұсқа болды, енді екінші нұсқасы да ұсынылды. Ал, әлеуметтік желілерде осының талқыланып жатқаны туралы фактінің өзі жетістік болып табылады», - деп түйіндеді А. Перуашев.

Барлық жаңалықтар