• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мемлекет басшысының тапсырмалары сапалы түрде мерзімінде орындалуы тиіс - Серік Ахметов

Мемлекет басшысының тапсырмалары сапалы түрде мерзімінде орындалуы тиіс - Серік Ахметов

10 Қаңтар, 2014 15:54
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Мемлекет басшысының 2013 жылдың 11 қазанында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді.

«ЭБЖМ басшысы Ерболат Досаевтың баяндауынша, 2013 жылы Жоспардың барлық межеленген шаралары мерзімінде орындалды. Ол көлеңкелі экономикаға қарсы іс-әрекеттің кешенді жоспарын жетілдіру туралы хабарлады, мемлекеттік басқару деңгейі арасындағы өкілеттіктерді одан әрі шектемелеу мәселелері, жекешелендірудің екінші толқыны шеңберінде кәсіпорындар мен нысандардың санын арттыру, даму институттарының, зейнетақы қорларының, қаржы ұйымдарының қаражаттарын МЖӘ жобаларына тарту бойынша ұсынысын айтты», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ кеңесте жүзеге асырылып жатқан шаралар бойынша мемлекеттік органдар басшыларының есептері тыңдалды. Атап айтқанда, АЭА қызметінің тиімділігін арттыру, жаңа энергетика ҒЗИ құру, алкоголдік ішімдік ішіп және есірткі пайдаланған жағдайда көлік басқару мәселесі бойынша жауапкершілікті күшейту, сапалы оқулықтар, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттер дайындау мәселелері туралы айтылды.

«Мемлекет басшысының барлық тапсырмалары мерзімінде сапалы орындалуы тиіс. Бұл жерде көзалдау әдісі жүрмейді. Сондықтан әрбір мемлекеттік органға, әрбір басшыға барлық тапсырмаларды орындау тетіктерін тағы бір мәрте қарауды тапсырамын. Біз бұл мәселелерді тұрақты түрде талқылауды одан әрі жалғастырамыз»,-деп түйіндеді С.Ахметов.

Барлық жаңалықтар