- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Қырғызстан бауырлас ел болған және қала береді – сарапшы
Қазақстан мен Қырғызстан бауырлас ел болған және қала береді – сарапшы
«Күн сайынғы әлеуметтік-экономикалық, мәдени және қарапайым адами қарым-қатынас Қырғызстан мен Қазақстанның шекарасында болған және ол Алмазбек Атамбаевтың айтқанына қарамастан жалғаса береді. Соңғы жылдары Қырғызстан екі «түрлі-түсті революцияны» бастан кешірді. Қырғызстандағы биліктің ауысуы еуразиялық кеңістіктегі әртүрлі елдердің геосаяси қызығушылығының тегістігінде болып отыр. Бір кездері Қырғызстандағы демократиялық жаңаруды ірі держава қолдаған болатын. Енді басқа әлемдік держава аталмыш елдегі «демократиялық жаңаруды» бақылағысы келеді. Осыдан келе Қырғыз Республикасының саяси басшылығының геостратегиялық қызығушылықтар арасы мен таңдалған кандидаттарға ерекше бақылауы орын алып отыр», - деді М.Ғабдуалиев.
Оның айтуынша, соңғы жылдары Қырғызстандағы демократия деңгейі өсті, халық өзінің демократиялық ұстанымын ашық айта бастады. Қырғыз Республикасының Президенттігіне көп үміткер табыла бастады, бұл сапалы демократиялық дәрежені көрсетеді. Екінші тараптан аталмыш жағдай 2017 жылдың 15 қазанынан бастап сайлаушылардың дауысы үміткерлер арасында талқыға түсіп, жеңіске жететін дауысты ешкім жинамауы мүмкін.
« «Қырғыз Республикасының Президенті мен Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш депутаттарын сайлау туралы» Конституциялық заңының 55 бабының 3 тармағында айтылғандай, «Президент лауазымына лайық деп танылған адам дауыс беруде үміткерлер жинаған дауыстың жартысынан жоғары дауысын жинауы керек». Аталмыш конституциялық заңның 56 бабының 1 тармағына сәйкес «Президент лауазымына екі үміткер қатысып, оның екеуі де сайланбаса, Орталық сайлау комиссиясы дауыс беруді қайта өткізеді, ең көп жинаған адам жеңіске жетеді», - деді сарапшы.
Оның айтуынша, 15 қазанда президенттік сайлауда «әкімшілік ресурс» бірінші кезеңде қажетті үміткерді шығару үшін араласатын болса, бұл халықты бұқаралық тәрртіпсіздікке әкелуі мүмкін.
«Бауырлас ел бұл электоральды кезеңді тыныш өткізеді деген үміттеміз. Көрші елдердегі кез келген саяси толқыныс барлық өңірге теріс әлеуметтік-саяси әсер қалдырады», - деді М.Ғабдуалиев.
Қайрат Жандыбаев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады