- Басты
- Жаңалықтар
- Үнемделген қаражат есебінен Жетібай-Жаңаөзен жолдары салынады
Үнемделген қаражат есебінен Жетібай-Жаңаөзен жолдары салынады
Министр Жеңіс Қасымбек депутаттарға «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 11 ірі автожол жобасын іске асыру көзделетіні, оның бір бөлігін халықаралық қаржы институттарының қарызы есебінен іске асыру жоспарланып отырғаны туралы айтты.
«Ағымдағы жылы Қаржы министрлігімен бірлесіп, қарыздар мен кейінгі ратификациялау туралы қажетті келісімдерге қол қою үшін дайындық жұмыстары аяқталады. Бүгін «Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы келісім-хатты ратификациялау туралы» заң жобасын назарларыңызға ұсынамыз. Қарыз туралы негізгі келісімге 2013 жылғы 18 маусымда қол қойылған және ол 2013 жылғы 26 желтоқсандағы Заңмен ратификацияланған», - деді ҚР ИДМ басшысы.
Ол жобаларды іске асыру барысында жалпы үнемдеу сомасы пайда болғанын атап өтті.
«Үкімет 73,3 млн доллар көлемінде үнемделген қаражатты Жетібай-Жаңаөзен учаскесін қайта жаңартуға пайдалану туралы шешім қабылдады, оған 2017 жылғы 20 маусымда Қазақстан Республикасы мен АДБ арасындағы келісім-хатқа қол қойылды. Жобаны іске асыру мерзімі – 2017-2021 жылдар», - деп атап өтті Ж. Қасымбек.
Сондай-ақ министр мұндай үнемдеудің ненің есебінен қалыптасқанын түсіндіріп өтті.
«Осы қарыз бойынша үнемделген қаражат сомасы – 150 мың доллар және біз бұл қаражатты келесі учаскелерге пайдалануды жоспарлап отырмыз. Жалпы, екі жыл ішінде үнемделген қаражаттың 90%-ы теңге бағамының өзгеруі есебінен қалыптасты», - деді ведомство басшысы.
Ақбота Күзекбай
-
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
БҚО: Жемқорлықпен күрес, бюджет қаражаты және «Е-асхана» жобасы -
Президенттік жастар кадрлық резервіне ену жолдары қандай -
Бюджетке енгізілген өзгерістер: Қаражат қандай бағыттарға жұмсалмақ -
COVID-19: Созылмалы аурулары бар науқастарға вакцина қалай салынады -
Жәрдемақы: Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 32 млрд теңгеден астам қаражат төленді -
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыру жолдары қандай -
COVID-19 қарсы вакцинация: кімдерге салынады, кімдер үшін қауіпті, препарат қалай жеткізіледі -
Балалар арасында мүгедектік азайту жолдары қаралды -
1 млн қазақстандық зейнетақы қорындағы қаражатын шеше алады -
Қазақстандықтарға 334 млрд теңгеден астам қаражат жәрдемақы түрінде берілді -
ҚР Төтенше жағдай министрі қар құрсауында қалмаудың жолдарын түсіндірді -
Дәрігерлер кеңесі: КВИ-ді асқындырып алмаудың жолдары -
«Меморгандардан ақпарат алу қиын, бюджет қаражаты туралы мәлімет қолжетімсіз». Журналистер назы