- Басты
- Жаңалықтар
- Президент мақаласының басты басымдығының бірі – ұлттық құндылықтарды жаңғырту – СҚО әкімі
Президент мақаласының басты басымдығының бірі – ұлттық құндылықтарды жаңғырту – СҚО әкімі
Облыс әкiмi Құмар Ақсақалов «Рухани жаңғыру» жобалау кеңсесiнiң жұмысымен танысты. Кеңсе Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан Мемлекеттiк университетiнде орналасқан. Ауқымды жобаға 10 адам тартылған.
Жобаның басты мақсаты Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы басты бағыттарды iске асыру. Құмар Ақсақалов ұлттық құндылықтарды жандандыру Елбасы мақаласының өзегi екенiн атап өттi.
Қазiргi таңда аймақтық мәдениет мен тарихтың рөлiн түсiнуде жаңа көзқарастың керек екенi анық. Бiздiң мемлекет жаңа әлеуметтiк-мәдени ортаны қалыптастыра отыра, елге деген сүйiспеншiлiктi алдыңғы қатарға қою қажет. Туған жерге деген махаббатты сiңiру де аса маңызды iс.
«Рухани жаңғыру» жобалау кеңсесiнiң жетекшiсi, тарих ғылымдарының докторы Ақмарал Ыбыраеваның айтуынша, жобалау кеңсесi төрт бағыт бойынша жұмыс жасайды: «Атамекен», «Ақпарат толқыны», «Тәрбие және бiлiм» және «Рухани қазына». Бұл салалар бойынша ақпараттық-насихат жұмыстары жүргiзiлуде. Өңiрде 5 дөңгелек үстел, 4 конференция, бiр форум, 5 көрме, 11 зерттеу экспедициясы, сондай-ақ флешмобтар мен ауқымды акциялар өткiзiлдi. Кеңсенiң қызметкерлерi әлеуметтiк желiлерде де белсендi ақпараттық науқан жүргiзiп жатыр.
«Рухани қазына» бойынша 23 жоба жүзеге асырылуда. Оның iшiнде «Туған жер», «Қазақстанның киелi жерлерi» және «Қасиеттi Қазақстан» сынды ауқымды жобалар бар. «Рухани қазынаның» басты мақсаты тұрғындар арасында жергiлiктi тарих, салт-дәстүр және мәдениетке деген қызығушылықты ояту. «Тәрбие және бiлiм» бойынша «Өлкетану», «Отаным — тағдырым» және «Саналы Азамат» жобалары жүзеге асады.
«Ақпарат толқыны» бойынша жобалар саны тоғызға жеттi. «Атамекен» жобасы азаматтарды, үкiметтiк емес ұйымдарды, ерiктiлер, меценаттар, кәсiпкерлер мен мемлекеттiк органдарды жергiлiктi халықтың мәселелерiн шешуге шақыру және соны ұйымдастыру. Өңiр басшысы «Атамекен» жобасына ерекше мән берiп, оның аясында белгiлi жерлестердi меценат ретiнде тарту керектiгiн баса айтты.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы