• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы мен қазақстандық бизнес-қауымдастық ЕЭК туралы келісімді талқылауда

ҚР Кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы мен қазақстандық бизнес-қауымдастық ЕЭК туралы келісімді талқылауда

10 Қаңтар, 2014 15:35
Бүгін Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы алаңында бизнес-қауымдастық, палата департаменті мен өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен Кедендік одақтың нормативті-құқықтық базасын кодтандыру аясында Еуразиялық экономикалық кеңес туралы келісім жобасын талқылау бойынша жұмыс кеңесінің сериясы басталды.

«800 беттен тұратын келісімшарт барынша ірі және күрделі болып табылады. Ол өз ішінде 234 халықаралық келісімді қамтиды. Бұл кодификация көбіне нормативті-құқықтық базадан тұрады. Ол біздің қазіргі қолда бар Бірыңғай экономикалық кеңесте қолда бар дүние. Бұл құжат Кедендік одақ елдерінің үш парламентариясының ратификациясынан өтуі керек. Осылайша бұл көптеген салаларға сай келетін Бірыңғай экономикалық кеңістік қызметінің базасының негізін құрайды. Кәсіпкерлік қауымдастық үшін және бизнес-қауымдастыққа бұл тарихи құжат», - дейді ҚР ҰКП басқарма мүшесі Рақим Ошақбаев.

Естеріңізге сала кетейік, БЭК туралы келісімге қол қою 2014 жылдың мамыр айына жоспарланып отыр. Ал құжат 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енеді.

«Өздеріңізге аян, қазір Қазақстан, Беларусь пен Ресей Бірыңғай экономикалық кеңістік құрамында. Аталмыш ұйымның Кедендік Одақтан басты айырмашылығы сонда – Кедендік одақ шекараларда тек қана тауар еркіндігін қамтамасыз етсе, Бірыңғай экономикалық кеңістікте мүше мемлекеттер тауардан бөлек қызмет, капитал мен жұмыс күшіне де алыс-беріс пен барыс келіс жасап, еркін қатынас құра алады», - деп түсіндірді Р.Ошақбаев.

Бұрындары, 2013 жылы БЭК құрылып жатқанда Қазақстан республикасына инвесторларды барынша көбірек тарту үшін Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы кәсіпкерлерге, салалық бизнес-қауымдастықтарға және мүдделі тұлғалардың барлығына палатаның ресми сайты арқылы аталмыш келісімнің жобасын қолжетімді етті және БЭК құжатының негізгі жобасы бойынша шағым мен ұсыныстарды жинау үшін «кері байланысты» ұйымдастырды.

Айта кету керек, Еуразиялық экономикалық кеңес туралы Келісім Кедендік одақ негізінде құрылып, соның аясында тауар, капитал, қызмет пен жұмыс күшінің шектелуін тоқтататын БЭК қызметі – мемлекеттердің экономикалық бірігуінде басты құжат болуы керек.

 

 

Барлық жаңалықтар