- Басты
- Жаңалықтар
- Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы прогрессивті - Павел Казанцев
Латын әліпбиінің жаңа нұсқасы прогрессивті - Павел Казанцев
«Мәжілістің талқысына ұсынылған алғашқы латын әліпбиі 25 әріптен және 8 диграфтан тұрды. Осы диграфтар тұрғысында түрлі пікірлер айтылып, көпшілік қабылдай алмады десек болады. Алайда, күні кеше ғана арнайы жұмыс тобының Мемлекет басшысының назарына ұсынған латын әліпбиінің жаңа нұсқасы алдыңғысына қарағанда ыңғайлы, әрі 32 әріп және апострофтан тұрады. Мен бұған дейінгі нұсқаға қарағанда осы нұсқаға прогресивті деген баға берер едім», - деді сөз басында Мәжіліс депутаты Павел Казанцев.
Спикердің айтуынша, жаңа нұсқаға тек әдістемелік өзгерістер ғана енгізіліп, қабылдануы мүмкін.
«Баса айтқым келетіні, жаңа нұсқаға тек әдістемелік өзгерістер ғана енгізіліп, қабылдануы мүмкін. Себебі, оны жасақтау барысында халықтан көптеп түскен ұсыныстар мен пікірлер басты назарға алынды. Сонымен, бұл нұсқа ыңғайлы және компьютер клавиатурасына бейімделген», - деді депутат.
Ruh.kz хабарлағандай, халық қалаулысының пайымынша, мемлекеттік тілді латын әліпбиіне көшіруде еш қиындықтар тумайды.
«Менің ойымша мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіруде соншалықты қиындықтар тумайды. Себебі, бүгіннің өзінде біз латын графикасын күнделікті тұрмыста пайдаланамыз. Түрлі гаджеттер, өзге де жаңа технологияларды пайдалануда латын графикасы қолданылады. Оның үстіне латын әліпбиі біздің жұмысымызды азайтады. Мәселен, шет мемлекеттен әкелінген тауардың жазбасы латын графикасында, яғни біз оны өзімізге тіркейміз, сосын оны кириллицаға аударамыз. Ал, латын қаріпіне көшсек, бұл жұмысты екі рет жасамаймыз. Жалпы, араб әріптерімен жазатын Түркияның өзі латын графикасына еш қиналмай өткенде, Қазақстанда қиындықтар туа қоймайды деп кесіп айта аламын», - деп түйіндеді Павел Казанцев.
Мөлдір Асқарқызы
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Өндірістегі жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім 12,3%-ға төмендеді -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру