- Басты
- Жаңалықтар
- Астана мен Афина сауда-экономикалық өзара іс-қимылды барынша күшейтуге мүдделі
Астана мен Афина сауда-экономикалық өзара іс-қимылды барынша күшейтуге мүдделі
СІМ хабарлағандай, іс-шараның панельді сессиясының ашылуында сөз алған Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мемлекетіміздің ұтымды географиялық орналасуының арқасында XXI ғасырдағы Жібек Жолының жемісті дамуына шешуші рөл атқара алатынын, бұл орайда шетелдік талдаушылардың «Бір белдеу – бір жол» атты қытайлық бастамасын жүзеге асырудағы «маңызды тоға» ретінде қарастырылатынын айтты.
Еліміздегі жүзеге асырылып келе жатқан «Нұрлы жол» мен бастауын алған «Бір белдеу – бір жол» инфрақұрылымдық жобаларын түйіндестіре отыра, отандық дипломат мемлекетіміз тәуелсіздік жылдары ішінде 2500 шақырым теміржолдары, 4000 шақырым автомиобильді жолдары, Қытаймен шекаралас ауданда заманауи «Қорғас» құрлықты порты салынып, Каспий теңізіндегі модернизацияланған және кеңейтілген Ақтау порты жайлы айтып берді.
Осы тырысулардың арқасында Қазақстаннан Еуропаға және кері бағытта тауарларды тасымалдау үшін жаңа логистикалық қақпалары ашылып, 2016 жылда мемлекет арқылы өткен контейнерлік жүктасымалы 100 есеге өскенін қоса айтты.
Министр орынбасары Р. Василенко трансқұрлықтық көліктік арналардың дамуы қатысушы елдердің экономикалық әлеуеттерінің күшеюіне, және де Еуразияның орталығында бейбітшілікті нығайтуға жол ашатынын мәлімдеді. Бұл орайда баяндалған үдерістерге Ауғанстанды барынша тарту маңыздылығы қоса айтылды.
Отандық дипломат халықаралық көліктік және логистикалық компаниялар Қазақстан және оның ұлттық компанияларымен ортақ ынтымақтастық негізінде бірлескен логистикалық терминалдарды салу мүмкіндіктерін қарастыратындарына үміт артты. Іс-шара барысында мемлекетіміздің транзиттік мүмкіндіктері елеулі назарға ие болып, «B2B» форматында өткен кездесулерде (100-ден астам компаниялардың тікелей қатысуымен) қызу талқыға салынды.
Грек Президенті Прокопис Павлопулостың аталған іс-шараға ат салысуы өткен форумның Грекия мен еуропалық елдері үшін маңызды іс-шара екендігінің дәлелі болды. Өз баяндамасында ол Еуропаның Еуразия және Қытаймен тығыз байланысы арқылы даму әлеуетінің маңыздылығына тоқталды. Осы тұрғыда бейбітшілік, өсу мен халықтардың дамуына кең еуразиялық кеңістігінде аймақтық интеграцияның түрлі үлгілерін қолдау қажеттілігі сөзге тиек етілді. Грек президенті үш құрлықтың қиылысында орналасқан өз елінің тарих қойнауынан бастап түрлі мемлекеттер мен мәдениеттердің үнқатысуына ашық болғанын айрықша атап өтті. П.Павлопулос «Грекия Еуропа Одағы мен Еуразиялық аймақ арасында экономикалық ынтымақтастықты күшейтуде басты рөл атқаратыны» туралы жариялады.
Грекия өз жағынан аталмыш қытайлық бастаманың іске асырылуына зор мән беруде. П.Павлопулостың сөзі бойынша, бұл идея көне қытайлық философиясы мен байырғы Жібек Жолының тарихы негізінде дүниеге келді. Сонымен қатар, грекиялық көшбасшысы аталған бастама бір жағынан, бейбітшілік пен өзара тиімді ынтымақтастықты көзедейтін болса, екінші жағынан теңіз бен құрлық арқылы байланысып жатқан халықтардың тығыз қарым-қатынастарының өрбуіне, және де инфрақұрылымды жобалар, сауда мен интеграциялық үдерістердің іс жүзінде нақты дамуына елеулі үлес қосатынын айрықша атап өтті.
Грекияда өткен сапар барысында Р.Василенко болу елінің Туризм министрі Елена Кундура, Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары – Экономикалық және технологиялық ынтымақтастық бойынша қазақстандық-грекиялық үкіметаралық комиссиясының теңтөрағасы Йоргос Катругалоспен, шетелдерде ғұмыр кешетін грекиялық диаспораларға жауапты Грекия Сыртқы істер ведомствосы министрінің орынбасары Теренс Куикпен, парламентаралық топтың теңтөрағасы – депутат Леонидас Григоракоспен, және де Грек Еуразиялық Іскер Кеңесінің президенті Спирос Кувелиспен екіжақты кездесулер өткізді.
Грекия Сыртқы істер министрлігі қабырғаларында болу елінің әріптестерімен өткен кездесулерде тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық орнату ортақ мүдделерге сай екенін назарға ала отыра, бірегей іс-қимылдарды кеңейтуге бағытталған дәйекті пікірлермен алмасты. Атап айтқанда, Р.Василенко грек дипломаттары Й.Катругалос пен Т.Куикті сауда және саяси миссияларының басшылары санатында жақын арада Астанаға ат басын бұруға шақырды.
Отандық дипломат Қазақстанның Еуразиялық экономикалық кеңесінің, ал Грекияның Еуропалық одағындағы мүшеліліктерінен екіжақты ынтымақтастықтың алар зор мүмкіндіктерінің баршылығын атап өтті. Осы қадамда ол грекиялық әріптестерін екіжақты қарым-қатынастарда жаңа сатыға көтерілу мақсатымен, Қазақстан Республикасы мен Еуропа одағы арасындағы Кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық келісімін жуық арада ратификациядан өткізу жұмыстарын аяқтауға шақырды.
Грекиялық Парламентте өткен екіжақты кездесуде саяси, парламентаралық пен мәдени-гуманитарлық диалогты жандандырудың маңыздылығы айтылды. Сұхбат барысында Л.Григоракос көпұлтты және көпконфессионалды Қазақстанда өтіп жатқан оңды және ірі өзгерістер мұқият зерделеп отыратынын жеткізді. Онын пайымдауынша, Қазақстан соңғы жылдары заманауи көзқарас қалыптастыруда, ғылым мен инновация салаларында елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Еліміздегі грек диаспорасына келгенде, Л.Григоракос мемлекеттеріміздің арасын жалғастыратын осындай «достық көпірі» дамуының маңыздылығына тоқталды. Осы орайда, ол Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этно-мәдени орталықтарды құру, және де олардың бірегей тәжірибесін зерттеуге қызығушылығынын бар екенін жасырмады.
Өз кезегінде министр орынбасары тығыз диалогты жандандыруға ЕО тарапымен Қазақстан азаматтарына визалық талаптарды босату арқылы өз үлесін қоса алатынын сөзіне тиек етті. Бұл орайда, ол Қазақстан тарапы Грекия мен басқа да Еуропа одағы мемлекеттерінің азаматтарын 2017 жылдың 1 қаңтарынан өз жағынан барлық визалық талаптардан босатқанын айрықша атап өтті. Дипломаттың сөзі бойынша, бұл қадам туризм бағытындағы ынтымақтастықты күшейтіп қана қоймай, экономикалық пайда тигізудің бірден бір жолына айнала алатынын айтты.
Афинада өткен келіссөздер қорытындысы бойынша Р.Василенко грек әріптестерімен қазақстандық-грекиялық өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытып, жан-жақты күшейтуге уағдаласты.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады