• Басты
  • Жаңалықтар
  • «Астана Опера» театрында әлемдегі ең жас труппа жұмыс істейді – Т.Мұхамеджанов

«Астана Опера» театрында әлемдегі ең жас труппа жұмыс істейді – Т.Мұхамеджанов

10 Қаңтар, 2014 15:41
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балети театрында әлемдегі ең жас балет жұмыс істейді деп мәлімдеді, деп мәлімдеді «Астана Опера» театрындағы баспасөз конференциясында театр директоры Төлеген Мұхамеджанов.

«Бізде ең жас балет труппасы, бұл труппаны құрушы атақты хареограф және балетмейстер Тұрсынбек Нұрқалиев», - дейді театр директоры.

Оның айтуынша, театр өнер адамдарын тек қана байқау арқылы қабылдауда.

«Бүгінде біз АҚШ, Лондон, Мадрид пен өзге жерлердегі мүйізі қарағайдай атақты өнерпаздарымызды өз елімізге қайтарып алып жатқанымызды мақтанышпен айта аламыз. Біздің шақыруымызбен шет елдердегі өнерпаздарымыз өзіміздің елге оралып жатыр», - дейді Т.Мұхамеджанов.

Директордың айтуынша, бұл Қазақстандағы мәдени дамуға көп пайдасын тигізеді және жас жөнерпаздарға қанат бітіріп, шеберлік мектебін қалыптастырады.

 

Барлық жаңалықтар