Ауылда кооперация дамуда - АШМ

11 Қазан, 2017 09:34
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде және өткізуде орталықтандырылған қызметін ұйымдастыру мақсатында ауылда кооперацияны енгізу бойынша және ауыл тұрғындарын тиімді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жеке қосалқы шаруашылықтарын әлеуетін пайдалану жөнінде шараларды іске асыру бойынша Мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі жергілікті атқарушы органмен бірлесе ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

АШМ хабарлағандай,  жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша бүгінгі күні жеке қосалқы шаруашылықтарға бірлескен 1 034 АШК құрылды, оның ішінде

2016 жылы – 289 АШК, 2017 жылы – 745 АШК.

Бүгінгі таңда қайтадан құрылған және қолданыстағы АШК бірқатар проблемалармен кезедесуде, олар АШК жемісті дамуына кедергі жасап жатқанын атап өту керек.

Осыған байланысты, Министрлікпен АШК басшыларын және мүшелерін, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың және олардың ведомстволық бағынысты мекемелерінің мемлекеттік және азаматтық қызметкерлерін оқыту мақсатында көшпелі семинарлар өткізу туралы шешімі қабылданды.

Барлық жаңалықтар