- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек енгізіледі
Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек енгізіледі
Біріншіден, бүгінде көп балалы аз қамтылған отбасыларға берілетін жәрдемақының 3 түрі, атап айтқанда арнайы мемлекеттік жәрдемақы, балалар жәрдемақысы және атаулы әлеуметтік көмек енді Бірыңғай жәрдемақы түрінде берілмек. Бұл орайда, оның мөлшері қазіргі үш түрлі төлемнің жалпы сомасынан жоғары болады.Екіншіден, атаулы әлеуметтік көмекке қосымша еңбекке қабілетті әр азаматтың кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, оқу және кәсіп алуы үшін, жеке ісін ашу және оны жүзеге асыру үшін микрокредит беру арқылы мемлекет тарапынан қолдау көрсетіледі.Үшіншіден, қиын өмірлік жағдайда жүрген отбасы мүшелеріне мемлекет кепілдік берген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілмек.
ХӘҚКМ хабарлағандай, бүгінгі таңда жаңа жергілікті мамандар қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқытылуда.
Айта кету керек, 2014 жылдан бері еліміздің барлық өңірлерінде «Өрлеу» жобасы немесе жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің прототипі пилоттық режимде енгізілді. Тек биылғы жылдың өзінде елімізде «Өрлеу» жобасына шамамен 161 мыңдай адам қатысты. Жоспар бойынша, келер жылы мемлекеттен 350 мың адам атаулы әлеуметтік көмек алатын болады (бүгінде жәрдемақының 3 түрін алатындардың жалпы саны). Атаулы әлеуметтік көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында қызметті «бір терезе» принципімен Жұмыспен қамту орталықтарында көрсету көзделіп отыр. Енді жерде азаматтар қазіргідей 3 органға емес, құжаттардың бір пакетін жинап, бір ғана органға жүгінбек. Көмекті алу үшін қалада – Жұмыспен қамту орталығына, ал елді-мекендерде – ауылдық округ әкімдеріне бару қажет.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері