• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақ тілін латын әліпбиінде әзірлеуге үздік мамандар қатысты – Е.Қажыбек

Қазақ тілін латын әліпбиінде әзірлеуге үздік мамандар қатысты – Е.Қажыбек

10 Қазан, 2017 18:14
Мемлекеттік тілдің латынға көшуі жөніндегі жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс тобының мүшелері хабарлағандай, қазақ әліпбиін дайындауға үздік мамандар тартылды, деп хабарлады ruh.kz.

«Әліпбиді әзірлеуге біз үздік мамандарды жинадық: лингвист, филолог, зерттеу институттарының өкілдері. Біздің комиссия шетелдік мамандармен де келіссөздер жүргізді», - деді А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының жетекшісі Ердан Қажыбек.

Ол айтып өткендей, халықтың назарына  диграфтар түсті. Ол бірнеше әріпті бір дыбыс қылып береді.

Айта кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру жөніндегі жобаны іске асыру үшін құрылған жұмыс тобының мүшелерімен кездесті. Жиында Мемлекет басшысына қоғамдық талқылаулар барысында келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленген қазақ тілінің латын қарпіне негізделген бірыңғай стандартының жобасы ұсынылды.

 

Барлық жаңалықтар